Реттілік заңы
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші. Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы.Мектеп жасында мен Абайды оқымаппын.Әйтеуір ұлы адам екенін білетінмін. Өзім оқымасамда басқаларға насихаттайтыным тағы бар еді)) Абаймен студенттік кезімде дос бола бастадым. Сөйтсем Абай өте терең дүние екен. Өзіде айтады ғой «мен бір жұмбақ адаммын, оныда ойла» деп!
Енді жоғарыдағы өлеңге келер болсақ. Былай қарасаң өте тусінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдап жазған. Мүмкін дәл осылай қабылдау керек шығар?.. Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалға:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ…
Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді)) Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтануданда құр қалмайды! Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырыр адам баласын» Тағы да Абай!!! Жұмыссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой…
Таудай талапсыз армандарға жету екі талай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жәй еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек! Осы үшеуі болған жерде, нәтижесіде болары сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат қылып, және басқа адамдарға көмек беріп, рақым ойлап қоюды ұмытпау керек екен. Әрине, бүл тек менің өз ойым ғана… бірақ қызық сияқты!
