@arshat · b/Футбол · 15.09.2026 22:09

Суперкубоктың ең жақсы жаңалығы – табиғи газон

21 оқу2 комент1 минПост
Суперкубоктың ең жақсы жаңалығы – табиғи газон
2028 жылы УЕФА Суперкубогының Астанада өтетіні, әрине, үлкен жаңалық. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары «Астана Аренада» кездеседі. Бірақ осы жаңалықтың ішінде маған ерекше ұнаған тағы бір нәрсе бар: стадиондағы жасанды газон табиғи шөпке ауыстырылады.

ҚФФ бас хатшысы Скотт Маннның айтуынша, УЕФА-ның негізгі талаптарының бірі – Суперкубок матчының табиғи газонда өтуі. Сондықтан «Астана Аренадағы» қазіргі жасанды төсеніш алынып, орнына табиғи газон төселмек.

Меніңше, мұны бір матч үшін жасалатын уақытша өзгеріс ретінде қарамау керек. «Астана Арена» – ұлттық құраманың негізгі стадионы, елдегі басты футбол ареналарының бірі. Осындай стадионда футболдың табиғи шөпте ойналғаны дұрыс. Оның үстіне төбесі жабылатын аренада Астананың климатына қарамастан табиғи газонды күтіп ұстаудың заманауи технологияларын қолдануға мүмкіндік бар.

Суперкубоктың өзі бір кеште өтіп кетеді. Ал егер соның арқасында Астанада сапалы табиғи газон қалып, ұлттық құрама мен клубтарымыз ары қарай сол алаңда ойнайтын болса, турнирдің бізге қалдырған ең пайдалы мұраларының бірі осы болмақ.

Сондықтан мен үшін 2028 жылғы Суперкубоктың жақсы жаңалығы екеу: әлемдік деңгейдегі үлкен футбол Астанаға келеді және «Астана Арена» ақыры табиғи шөпке көшеді.

Бағалау
1

Коменттер

N
@nurbergen_maqym · 15.09.2026 23:17

Әйдік құрылыс компаниялары Астанадағы ТҮК аулаларындағы газонды түкті кілемдей күтіп ұстап отырғанда, білдей бір елдің беткеұстар стадионында алаңның жасанды жабындылы болуы, шынымен ұят нәрсе ғо...

@arshat · 15.09.2026 23:21 · ↳ @nurbergen_maqym

Осындай себеппен табиғи шөп болатыны жақсы болды не болса да

Комент жазу үшін жүйеге кіріңіз.