Әй, Сыра!!!
Мынау менің бір әріптесімнің ертемен жұмысқа кеп, кешегі түнге лағнет айта отырып жазғаны. «Осыдан кейін сыраны аузыма алсам, атым өшсін!» деп серт берген-ді өз-өзіне күндегі әдетінше)))
Ей, сыра, сыра-сыра, сыра-сыра,
Жоқ дегенде бір ішем жұмасына.
Өзге жайлы ойланып отырам да,
Сіміремін өзіңді тым асыға.
Ей, сыра! Сырасың-ау көбіктенген,
Сені ішкенге емессің көрік берген.
Сылқия тойып алып, сауыққанда
Адамдардай боламын өліп көрген.
Сыра маған, дей алман, үміт берді,
Сен ішсем шығарамын бүліктерді.
Байлық айтқан «блатной» қып қоясың,
Сау кезінде үндемес жігіттерді.
Сені ішсе, шетінен «шакал» бәрі,
Ей, сыра, сырасың ғой бокалдағы.
Ішкің келсе тағы да ал деп тұрады,
Су сараң, мырза болар қатардағы.
Ей, сыра, сен көбіне барактасың,
Білем ғой, арақ — ағаң, қанаттасың.
Досымның көңілі үшін ішіп-ішіп,
Барактан шығып барам таң атқасын.
Тәлтіректеп, ми мең-зең, басым — қайғы,
Ақын мүлде ішкенін жасырмайды.
Сұм сыраны сіміріп ішкен соң ба,
Ауырамын, ауруым басылмайды.
Сыра, сенен мен емес үміттенген,
Сен де мені келесің үгіттеумен.
Сен кешірім сұрауға тиістісің,
Сені күнде ішетін жігіттерден…
