Ол туғанда сүйінші сұралмаған...
Некесіз туылған сәбиді қазақ «ойнастан туған» дейді. Бәленшенің ойнастан тапқан баласы, түгеншенің ойнастан тапқан қызы… Осы бір сөздің әлгі бейкүнәнің жүрегіне өшпес сызат саларын ойлап жатқан ешкім жоқ. Адамға ата-ананы таңдау мүмкіндігі берілмеген. Ата-ананың жасаған күнәсі үшін баласы жауап беруге тиісті емес…
Осылай дейміз де… Ойлап отырсам, бүгінде баланы «жолдан тауып алатын» қыздарға қоғам «түсіністік» таныта бастағандай. "Өзі үшін ғой", "Өзіне керек" дейді олар туралы… Бәлкім… Ешкім ешкімді сәби сүйіп, ана болу бақытынан айыра алмайды ғой… Солай емес пе? Тек… баланы аяймын…
Қайран сәби жаутаңдаған
Сезіп қалдың жетімдіктің не екенін.
Сұлу анаң шалқаңдаған
Таққан емес сақинасын некенің.
Тайраң қағып бала күнде
Мойынына асылмадың әкенің.
Құрбанысың, амалың не?
Қыз жіберген бір-ақ кештік қатенің…
Ақұштап ақынның осындай бір өлеңі бар еді. Балалар жыламаса екен...
Сурет: cslogos.it
