Ескі архив · 25.02.2011 10:38

Жақсысыңға сұрану

— Мен… Мен қандай адаммын, мен?! Сені бақыттан басыңды айналдырардай, Еліктіріп өзіме байландырардай (Жә, не көрінді сонша осындай байлам құрардай?) Адаммын ба? — Қайдам… Бақыттан бас айналмас болар, Өзінсүйерге ешкім байланбас болар… (Өзінсүйерде қайдан бас болар?!) Жауабым: жоқ! Мен үшін – жоқ. — Қалай? Қалай жоқ? Тұқыртпай қоя тұр… Өзіңсіздіктен сарылатыным ше? Мына кең дүниеде тарылатыным ше? (Аха, тағы сол тарлығыңнан жарылатының ше?) Жақсымын ба? Айтсаңшы! — Қыспаққа алдың ғой сонша… Адамды жақсы деу керек болса: Кіршіксіз пәктігімен, Аққа жақтығымен, Күмәндарға жаттығымен, Дандайсып кетуден сақтығымен Дараланатын шығар?… — Біраз жерге апарып тастадың ғой… Мен… мен ешкімнің адал асын баспадым ғой, Әдептен аспадым ғой, Тұнығымды лайлап, ластадың ғой… … Мені жақсысың деші… — Кешір… Көзбояушылықтың құлы емен… Жалпы… мен көз бояғанды ұната бермеймін, Көндіктіріп алғысы келушілерге ермеймін… дегендей… — Мені жақсысың деші… — Жоқ. — Қатыгез, озбыр екенсің…
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту