Қына. Қорғасын сақа.
Ауылдың баласы болсаңыз қынаны білетін шығарсыз. Білмесеңіз айтайын. Қына- таулы -тасты жерде өсетін өсімдік.Тастың беткі жағына қабыршық болып өсе береді. «Сөз бас жарады, қына тас жарады» деген сөз осының дәлелі іспетті.Жиып әкелген қынамызды суға қайнатып асық бояйтын кездеріміз қазір тәтті бір естелікке айналыпты.Қынадан қалған асықты әжелеріміз киіз басқанда бір бояп мәз болып қалушы едік. Ауылдың қарасирақтары (қазіргілерді бұлай атауымның өзі ерсі секілді)қына термек түгілі асықта ойнамайды бұл күні.
Жаман аккумуляторлардың қорғасынын ерітіп сақамызға құятынбыз.Ескі кәнсервінің сыртына сым орап, ішіне қорғасынды салып қойып үңіліп отыратын кездеріміз еске түсіп кетеді кей-кейде. Құдай біледі, дәл сол кезде қорғасын құйып жүрген біздерді мыс қорыту зауытына апарып жұмыс істете қалса ары қарай алып кетер ме едік?
