ЕҢ АЛҒАШ СҮЙІСКЕНІҢ ЕСІҢДЕ МЕ?
Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.
Бас жағындағы үш аккорд бар ғой баспалдақ жасап отыратын тек білетінім сол гитарадан сондағы. Өзімді бір крутой гитарис сезініп жүрдім әрі айналамдағы жігіттерге «учитель» болып қоямын арасында .
Бір күні кластас үш-төрт «жігіт» жиналып гитара тартып отырғанбыз. Екі қыз өтіп бара жатыр. Біреуі өзімнің кластасым Гүлден (марқұм иманды болсын!). Ал екіншісі бейтаныс қыз. Бәріміз сол қызға қара-а-ап қалыппыз… Киімі де өзгеше. Үстінде қызыл футболкасы, джинсы қысқа юбкасы, (артын кішкене жүрек қылып жамаған) әсіресе аяқкиімі ерекше әппақ кроссовка киген «городская» қыз (біз шіркін ол кезде әлі де жалаңаяқ жүре беретінбіз). Мамасы ауылда тұрды негізі. Бұл қыз кішкентайынан қалада нағашы әжесінде болған. Қалада оқиды екен. Каникулға ауылға келген екен. Содан «жігіттер» болып, қой мына қызбен таныспаймыз ба? – деп шештік. Бізді Гүлден марқұм таныстырды. Біз бейтаныс қызбен жақсы араласа бастадық. Орысша араластырып сөйлейді, өзін еркіндеу ұстайды, қалалық қыз ғой енді. Еркелеу ме өзі, опщым ауылдың қыздарына қарағанда ерекше қыз. Енді «жігіттер» болып, «ал қайсымыз барамыз бұл қызға?» – деген әңгімені бастадық. Негізі мойындаймын іштей өзім «ғашықпын», білдіртпеймін онымды қасымдағыларға. Содан арамызда біреуі мен барам деп келісті.
Сол қызға қарай келе жатырмыз. Әлгі жігітке өзімізше қолпаштау білдіріп қоямыз. Күнде кешкілік жиналып әңгіме айтып отыратынбыз. Үйге қайтарда келіскен «жігіт» қызбен қалып қойып сөзін айтатын болды. Қайтатын кезде «уақыт жақындады, кетейік» деп жатсақ анау келіскен «жігітіміз» отказ берді. Онысы іштей «ғашық» болып жүрген маған да шанс болып кетті. Қуанып тұрсам да сездіртпей, «мен қаламын» дедім. Сондағы қызға айтқан сөзімнің түрі мынау: «Мен сені жақсы көрем, сен мені жақсы көресің бе?.. Алғаш гитара тартып отырған кезде ұнаттым сені, сонда не дейсің? Менімен жүресің бе дегенің бе?.. Ана қыз мен түсінбейтін орысша әңгімелерін айтып жаудырды опщым. Ертең кешке соқ жауабын айтам дегенін естіп алып, кеттім үйге қарай мәз болып. Ертесіне кешті күтіп, ерекше көңілде «ұшып» жүрмін. Кеште болды, қызбен кездесіп тұрмын. Қол-аяғым дірілдеп тұр. «Мен келістім! — деді қыз. Қалшылдап кеттім, аяқ-қолдың дірілдегені «ерунда», жүрек тарсылдап кетті. Енді не істеймін?!.. Ес шығып кеткен. Қыз бірдеңе деп жатыр оны естімейді құлақ… Айтып жатыр… Бір кезде қыз мойныма асылып құшақтады да, еріннен жабысып сүйіп жібергенде,… көз қарауытып шалқамнан құлай жаздадым… Ия, құлап қала жаздадым!
Қазір әке болдық, азды-көпті біршама қыздармен де жүрдік қой. Осы «Алғаш сүйіскен сәтті» кейде мырс етіп, еске аламын…
