Із қалдыру. Өзіңнен кейін.
Қар жауған. Кенеттен бұрқырады. Дайындықсыз едік. Боран ұйытқыды. Аппақ қылған. Төңіректі түгелдей. Жұмыстан қайтқам. Қолымда пакеттер. Нан-пан. Сойқан суық. Біреу тұр. Бейтаныс жан. Жалғыз-жарым. Есіктегісі – код. Жабық, демек. Сыртта ызғар. Есікті тепкілейді. Адамы жоқ. Қырсығы сол. Үйге кірдім. Жып-жылы. Тамаққа кірістім. Картопты аршыдым. Пиязды турадым. Етті еріттім. Тұз жоқ. Алу керек. Дүкенге беттедім. Бет қариды. Қысқы аяз. Бағанағы тұр. Кодты білмейді. Есікті тоқылдатады. Қайдан естісін. Аздап ұрттаған. Исі мүңкиді. Аларымды алдым. Кері келемін. Әлгіміз жоқ. Кірген бе? Белгі қалдырыпты. Қардағы ізі. Сап-сары. Сосын көрдім. Ұзап барады. Кірмеген ғой. Сарылып күтті. Сабыры таусылған. Төзімі түгескен. Осы еді. Іздің сыры.
