Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер
Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым. Ондағы бар айтқаным, ювижн жайлы презентацияда сол жерде неге ұлтаралық қақтығыстарды тудыратын мақалалар жариялайсыздар, модерациядан өткізбейсіздер ме, және бір қолданушысын жәй ғана мысал ретінде көрсеттім, әйтпесе солардың аттарын да онша білмеймін. Сөйтіп, сынға ұшырадым да қалдым.
Өкінішке орай, қара көзді қазақ азаматтарымыз бірінші рет осындай қазақ тілді блоггерлер жиналып, қазақ интернетінің мәселесін қозғап жатыр, ұйымдастырып жатыр деген артықшылықтарды көрмей, тек негатив жазғаны менің көңіліме қатты батты. Алайда айтатын бұл ғана емес, біршама сол жақтан тіркелу барысында көптеген кикілжіңдерге де тап болдық. Алайда ешкімді ренжіткіміз келмеді, тіркелгені болсын, тіркелмегені болсын сыйлық тараттық, барынша қазақи қонақжайлығымызбен қарсы алдық.
Сонымен ішімде шаттық пен реніш араласқан сезімдер біте қайнасып жатыр. Шаттанатын дүниелер өте көп. Сатыбалды айтпақшы, «сендер қоғам бола алмайсыңдар!» деуші еді. Қоғам бола алған сияқтымыз. Сайт жасауды қазақша Аршат, Нұрлан (точно есімде жоқ есімі) түсіндірді. Қуаныш сайт арқылы ақша табуды айтты. Әйгерім Кеулімжай қазақша комикстерді дамытайық деп әдемі күлкілі-слайд шоу ұсынды. Тоты мағыналы пікірлер жазуға шақырды. Өркен блогты танымал етуді үйретті. Сонау Қостанайдан келген Талғат өзінің блогында есептерді шығарудың жолын жазатын блогымен таныстырды. (Айтпақшы осы Талғат «Sturt up» жүлдесін ұтып алды. Әділ болды деп ойлаймын.) Ары қарай досы Еркебұлан Дебатерлік білімдерімен бөлісті. Моңғолияның қазақтары жеке бір әңгіме. Жанарбек ағайдың «Қайтқым келмей қалды» деп толқып айтқан сөздеріне өзім де жылағым келіп кетті. Лашкаға сәлем айтамын деді. Тимур да бір IT-дің қыр-сырын қопарып жатқан. Әлия Құрышжан, Бахытгүл Салықова, «Әділ сөз» ұйымынан келген апайымыздың барлық кеңестері бізге қажет дүниелер.
Айта берсе көп енді… Ең соңындағы блоггерлердің бас қосу әркімнің бойында сенім ұялатты деп ойлаймын. Қазақ тіліне сенім, болашағына, қазақ интернетіне сенім. Барлығы да әркімнің өз қолында екенін түсінген сияқты.
Ал өз басым, қай кезден бері ашылып сөйлегенім үшін таяқ жеп, сабақ алып, әркімге бір әңгіме айта бермей, жабылып жүрсем де, табиғатымнан алыстамай-ақ қоядым. Кім не десе, о десін! Бізде уордпресс бар, бізде керекинфо бар. Бізді қолдайтын адамдар да бар. Оларға сол үшін мың алғыс!!! Қалғандары, Өркен айтпақшы, Кетнақ!!!
Айтпақшы, сурет те, түк жоқ. Ертең басқа блогшылар сала жатар. Менікі тек жазу ғой ))
