Әбусаттар Гербсәлі. «Алғашқы махаббат»
«Дип инсайд ю
Край, край, край!
Донт лет иоууууууу-у-у-у,
Дай, дай, дай!» © Ақзере
«Сенбеймін! Ондай сұлудың басы бос болуы мүмкін емес! Сенбеймін!».
Ол атып тұрды да, алма бақты ерсілі-қарсылы кезе бастады. Қызық: бір күні бар батылдығын жиды да, осы бақта жүретін сұлуға сөз салып еді. «Сіз де маған ұнайсыз!» дей қойғаны! О шешесс, бұдан артық не бақыт бар? Бірақ.
Бірақ, сұлудан сескеніп қалды. Ай десе аузы, күн десе көті бар арудың «басым бос» дегені сәл өтіріктеу көрінді. Мынаған ешкімнің көзі түспеуі, көзі түссе – сөз салмауы мүмкін емес! «Бәлкім, менімен мазақ үшін жүргісі келіп тұрған шығар?» деген арам ой келді. Бірақ.
Бірақ сұлу қыз кеше бұл ойын да быт-шыт қылғандай болды. «Мәңгілік сендікпін жаным, ләйлі ва мәжнүн болайықшы !» деп, шалқасынан түсірген еді. Ай бірақ бар ғой… Ертеңіне «бейшара-ау, түріңе қарасайшы, кімге керексің сен?» деп, мазақ қылып тұрмасына кім-кепіл? Махаббаттың бір азабы осы екен: сұлуды тіпті өзіңе қимайсың.
Енді міне, қазір үйленуге сөз салғалы тұр. «Ертең менен басқа біреуің болып шықса, мынау ағашқа асыла салам» деп, бопсаламақ. Асық болған ару да келді бір кезде.
— Жаным, сені әйелдікке алғым келеді, – деп бастады ол, — бүкіл ғұмырымызды өзгертетін шешім бұл. Тек осы жерде бір нәрсені айтып қояйын: күндердің күнінде көзіме шөп салсаң, мынау ағашқа барамын да…
— Сука, урод, пашаймайт! – деп шақ етті ару атып тұрып, — лібә дауылбай, қалай ғана түсінбейсің: сендей крокодилге тигеннен басқа амал да жоқ қой мен де: екеуміз де алғашқы адамдар емеспіз бе?
Хауа Ана ызаға булығып жылап жіберді. «Ох епт, солай екен ғой...» деді Адам, тасын қасып…
