Махаббатсыз - дүние бос.
Соңғы кездері өмірімнің астан-кестеңі шықты. Сезімге тым қатты беріліп кетіппін. Ойда сан түрлі сұрақтар, армандар т.б. кетер емес! Адамның жүрегі нәзік екен, кезінде бір өлеңді оқыған едім, өлең былай басталатын еді:
Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйіңнен шыға көрсін деп! — тура сол жағдай менің басымнан өтіп жатыр, жынды адамға ұқсат бір парақты ұстап алып, сол жанның атын шимақтап отырамын. Кезінде кинодағы жағдайларға күлетін едім, асқа тәбет татпайды, жұмысында да келеңсіз жағдайлар т.б. айтеуір ғашық жанның жолы болмай кететіні. Бірақ ол кино соңында Happy End болып аяқталатыны бар. Менің басымдағы жағдай керсінше, алдыңғы көрсеткен жағдай ас батпау, жұмыс жасау яғни сайтымның істерін істеу т.б. барлығы қалды. Бірақ Happy End болмады. Дос болып қалайық деп төтесінен қойып қалды. Үмітсіз шайтан демекші қайта-қайта айналшықтап бара беремін, соңғы кездері үй бетін көрмейтін қалге жеттім. Ол оны түсінбейді… Одан алшақтау үшін не ісеуге болады, оны жек көріп, оған басқаша қарағым келсе де, оның нұрлы, сүйкімді, күлімдеген жүзінен басқа ешқандайын көзім көрсетпейді. Ғашықтың көзі соқыр екен ))) Жүзім күліп жүргенмен, ішім жылап жүргеніме екі аптаның жүзі болып қапты. Осы уақытқа дейін араны суытпай алі де араласып жүрмін, олсыз өткен бір күн, мен үшін жыл секілді… Дистанцияны сақта деп айтады жұрт, бірақ мені кісендеп отқан ешім жоқ… не істерімді білмей кеттім соңғы кездері. Бір айналсаң, шыр айналасың деген осы екен ғой. Болды енді ес жинап, жұмыс істейтін уақыт келді дегенмен мен үшін қиынға соғып жатыр!
