Бір қыздар бар...
Бес саусақ бірдей емес әрине. Мына жазбаны оқып біздің қыздардың бәрі осындай дей алмаймыз, сондай-ақ ер жігіттіктен ада жігіттеріміз бар екенін де жасырмаймын. Дегенмен менің ұнатпайтын, баяғыдан ұнатпаған қыздардың сыртқы пішіндері, болмысы:
Құлақтарына дәу домалақ шығыршық тағып алатын қыздар. Ауылда болса ат байлауға болады сырғасына. Дегенмен жақсы жақтары да бар. Біз секілді аса ұзын еместер қоғамдық көлікте сол шығыршықтан ұстап «ыспакойны» қалаған жеріне дейін құламай жете алады.
Сағызын шарт-шарт үре беретін қыздар. Сиырдың өзі мәдениетті күйсейді негізі.
Шашының бояуы көзіне, көзінің бояуы ерніне, ернінің бояуы тырнағына сәйкес келмесе де баттастырып боянып алатындар. Құдай бермеген түрді қолмен жасай алмайтындарын ұқпайды-ау…
Автобуста қарқ-қарқ күліп ер бала жасамайтын әрекеттерді жасап отыратын қыздар. Атып тастаса ғой қораның артындағы шұңқырға апарып.
Кіндіктері ашық жүретін қыздар. Кіндік деген ол енді болашақ ананың ең керек жерлерінің бірі ғой. Соған сым тағып алып, ол аздай тілдеріне шеге тағып алатындары бар.
Төсін, көтін ашып жүретіндер. Негізі жұмбақты шешуге ұмтылғандай жасырын тұрған нәрсені көруге құмартады адам. Ашық тұрған төсті көруді қиялдай алмай-ақ қойдым. «Білмекке құмарлық» дегендей ғой…
