Көлікті қыз-көрікті қыз
Біздің әке буын, аға буындар кезінде әр қаланың әр жерінен үй жалдап, жатақхана түгендеп жүріп күнін көрген екен. Сонда дейміз-ау шешелеріміз бен жеңгелеріміз қыңқ демеген. Шабадандарын сүйреп ере берген. Қиындықты көтере жүріп бірлесіп үй болған. Бертін келе заман өзгерді. Қыздар жағын кінәләй бастадық. Себебіміз, «Үйі жоқ, көлігі жоқ жігітке қарамайды» болды.
«Хан ием, бұл бұл ма әлі тұқымыңыздан түк қалмайды» деп жұбатыпты бір бейбақ бауырынан айрылып отырған қаралы ханын. Сол секілді көргенімізден көрмегеніміз көп екен. Автобуста келе жатып екі жігіттің әңгімесін еріксіз естідім. Біреуі біреуіне «Ол қыздың екі бөлмелі үйі, көлігі бар. Соны ала саламын ғой деймін» деп қояды. Ала салған емес, тие салайын деп отырғанынан хабары жоқ. Бұл заман не болып бара жатыр? Шынымен көлікті қыз көрікті қыз ба?
Суреттің алынған жері
