Ескі архив · 08.05.2011 13:50

Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние-ай...

Бүгін есіме қай-қайдағы түсіп отыр. Қартаяйын дегенмін бе)))) Бала кезім...үлкендерге жағаласып диірмен тартуға таласатыным… Апам астында жатыр Атам үстінде жатыр Қызыл кіріп жатыр Ағы шығып жатыр- Ол не?-дейтін жұмбақ есіме түсті. Ол кәдімгі қол диірмен.Қуырылған қызыл бидайды уыстап үстіңгі қуысынан тастасаң астыңғы қуысынан аппақ бидай ұны төгіліп жатушы еді… Жоқ, ол кезде бізде қатты бір ұнға деген қажеттілік болмаған секілді. Әкемнің әкесінің әкесінен қалған диірменнің ұнынан дәм татсын, қол еңбегінен ажырамасын, нанның оңайшылықпен келмейтінін көрсеткісі келген шығар үлкендер… Таласып тартқан диірменнің ауыр тасы шамалыдан соң қолыңның қарын талдырады.Әсіресе бидай ұнға айналған кезде. Бірақ осының бәрін бидай ұнынан жасалған, сүтке шыланған талқанды жегенде ұмытып кетесің! сол күні қатырып жасаған әжеміздің жентін күтуші едік. Бір күн күткен жентіміз ертеңіне шай үстінде таңдайымызда еритін. Жент деген қазақтың шоколады болар. Кейін сол диірмен тасы қалай екенін білмеймін сынып қалды.Шамасы аулаға кептіріп қойғанда трактор басып кетті-ау деймін… Қазір ойланам… осы менің балаларым диірмен тартпақ түгілі оны елестете алар ма екен болашақта?! Қалтама ақша бітсе міндетті түрде бір қол диірмен сатып алмасам ба балалар ержеткенше… Алла қаласа әрине. Ал сіз, диірмен тартыңыз ба?
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту