Ескі архив · 18.05.2011 02:01

Диалог

— Сәлем! Өтінемін тұтқаны қоймашы! — Не керек саған? Сенің мылжыңыңды тындап тұратын уақытым жоқ. Тездетші. — Мен бүгін дәрігерде болдым… — Ия, ол не айтады? — Жүктілігім шын екен, 4 ай болыпты… — Мен не істеуім керек? Маған керегі жоқ, алдырып таста. — Тым кеш деп айтты. Не істеймін енді..??? — Білмеймін. Телефон нөмірімді ұмыт. — Қалай ұмыт??? Ало, алооо Абонент байланыс аясынан тыс жерде… 3 ай өтті.. — Сәлем балақай! — Сәлем, ал сен кімсің? — Мен сені қорғайтын періштеңмін! — Кімнен қорғайсың мені? Маған мында ешкімде тимейді гой!?? — Сен қызық екенсің! Ия қалың қалай? — Мен жақсымын, тек анам күні-түні жылай береді… — Балақай уайымдама. Сен оданда көбірек ұйқтап, күш жина, әлі керек болады. — Сен менің анамды көрдіңбе? Қандай өзі? — Әрине мен сенің қасыңда емеспінбе! Сенің анаң өте әдемі де, тым жас. Тағыда 3 ай өтті — Періште!? Қайдасың?? — Қорықпа балақай, қасыңдамын мен. — Бүгін анамның жағдайы қиындап кетті. Өзімен-өзі айқайлап, жылап шықты. — Оған көңіліңді аударма. Жарық өмірді көруге дайынбысың? — Дайын сияқтымын, бірақ қатты қорқамын. Анам мені көріп бұдан да қатты қайғырама деп қорқамын, періште… — Олай деме.Ол міндетті түрде қуанады. Сен сияқты сүйкімді сәбиді жақсы көрмеуі мүмкін емес. — Періште! Айналамыз қандай? — Қазір қыс қой. Айналаның бәрі ақ мамыққа оранған. Қар жауып тұр. Аз уақыттан соң, өзің бәрінде көрерсің!!! — Періште!? Мен дайынмын бәрін көруге. — Жарайды балақай. Мен қасыңдамын. Саған сенемін! — Періштеее! Мен қорқамыын… Дүниеге сәби жылдам келді. Анасына ауырлық туғызбайын деп, тырысқан шығар бәлкім. Тәулік өтті. Кеш. Қала сырты. — Сен балам маған ренжіме. Қазір заман сондай, өзің айтшы, сенімен қайда барамын?? Менің өмірім алда. Ал сен, ал сен қазір ақ ұйықтап кетесің… — Періште!? Анам қайда кетті? — Білмеймін. Уайымдама, қазір-ақ келедіғой. — Періште!? Дауысыңа не болды? Сен жылап тұрсыңба? Мен тоңып барамын, анама жылдам келсін десеңші. — Жоқ, балақай, жылап тұрған жоқпын, солай көрінген шығар. Мен шақырып келейін анаңды. Сен тек ұйықтама, жылай бер, қаттырақ жыла… — Жоқ Періште, мен жыламаймын. Анам маған ұйықтау керек деді… Осы кезде қала сыртындағы бес қабатты үйдің бір пәтерінде әйелі мен күйеуінің айқайы: — Мен сені түсінбеймін. Қайда кеттің деймін, қараңғы түнде. Дәрігерге барғалы бері, сен қатты өзгеріп кеттің. Жаным, жер бетінде біз сияқты бедеуліктен қорлық көріп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Оларда өмір сүріп жатыр ғой. — Өтінемін жүрші деймін, киінші кеттік. — Қайда? — Білмеймін. Бірақ жүрегім сезіп тұр, баруым керек… Сенші маған… — Жарайды, соңғы рет болсын. Естисіңбе, соңғы рет… Подъезден екі адам шықты. Алдында жылдам жүріспен әйел адам келеді. — Жаным, сен алдын-ала жоспарлап қойған жолмен келе жатқандайсың. — Сен сенбейсің, мені қолымнан біреу жетектеп келе жатқандай. — Мені қорқытпашы. Уәде берші маған, ертең үйде жатып демаламын деп. Дәрігеріңе соғып қоярмын. — Тыңдаш. Тыңдаш, естисіңбе? Біреу жылайтын сияқты. — Ия, ана жерден шығып жатыр. Сәбидің дауысы сияқты. — Балақай, қаттырақ жыла. Сенің анаң адасып қалды, бірақ сені қалайда табады. — Періште!? Сен қайда болдың? Сені таба алмай қалдымғой. Қатты тоңып жатырмын. — Сенің анаңды алып келдім, ол жақындап қалды. — О Жаратқан! Бұл шынында да сәби ғой! Қатты тоңып қалыпты, тезірек уйге апарайық. Сүйіктім, Құдайым бізге сәби сыйлады. — Періште!? Анамның дауысы өзгеріп кетіпті ғой — Балақай үйрене бер, бұл сенің НАҒЫЗ АНАҢНЫҢ ДАУЫСЫ… Орысшадан аударылды, авторы белгісіз.
Авторы:
sabalak

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту