Ескі архив · 18.05.2011 11:15

Сәлемнен шаршаған келін

Келін түсерде қуаныштан жүрегі жарылған қарияның салы суға кетті. — Бәйбіше, ана келінге не болған? Бір жеті болды сәлем салмайды… байқамаған деп те ойладым басында… — Ейййй, шал ай, сен де мән бермейтінге мән бересің… білмейм ғой… Қойш бір татпіштеп алжығанда… — Жоғарғы оқуды қызылға бітірген, мұғалім қыз деп жер көкке сиғызбай мақтаған едіңдер… Таңғы шәйдің үстінде — Келін шырағым, салған сәлеміңе «көп жаса», «бақытты бол», «көсегең көгерсін» деген бата, алғыс аласыңдар. Байқаймын, сәлемді қойдың… Маған салсаң салмай ақ қой… менің пәруәйім пәлек… Келін боп түскенде менен жас едің. Енді менімен құрдас болған шығарсың… Мақсаты белгілі болғандай. Сәске таман газел көлігі барлық жүктерді артып, «мен осы ұлымның қолында қаламын» деп ниеттенген ұлы әке-шешесіне қарауға беті шыдамай, көлікке мініп кете барды… -Келешекте келіні иіліп сәлем салып тұрсыншы, Жаратқан...- дегендей оймен көліктің артынан көрінбей кеткенше қарап тұр. Көзі жасауры… Немересінің кеткеніне көңілі қаяу… П.С.: Ері қайтыс болған келіншек сәлем салмайды дейтінді есітуші едім. Сәлем салу қиын ба?
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту