Ескі архив · 21.05.2011 19:02

Оралманның арманы.

Өткенде Намыс.кз сайтынан мынадай Атамекенге келіп «арманыма» жеттім атты мақала оқып өзімнің ойымды жазуға ұйғардым. Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы қосылып әңгімелесіп отырғанымызда Бүркітбай ағамыз: – Мен армандаған арманыма атамекенге келіп жеттім, – деп қалды. дейді мақалада. Біз: – Әрине, әрине, – деп, «атамекеніне аман-есен жеткенін айтып отырған шығар» дегендей бас шұлғып, құптап жатырмыз. Бүкең әңігімесін әріқарай жалғастырып: – Монғолияның ішкі аймағында, қалың моңғолдың ішінде 20 жылдай өмір сүрдім. Олар менің атымды атамай, «хасаг» (қазақ дегені) деп үнемі кекететін. Ал Қазақстаныма атамекенімен келіп моңғол атанып арманыма жеттім дейді. Расымен ол адам арманына жетті Өйткені оны Моңғолдар Қазақсың деп төмендетсе еліне келіп Моңғол аталып басқа елде армандаған арманына жетіп отыр ғой. Осылай арманына жеткен оралман, өзін кекеткенді мақатмен бауыздағандай болып отыр. Әрине ол арманына жеткенінен емес, моңғол атанып шеттетілгеннен жұмсақ тілмен тіліп алып отыр. Рас, қазір қоғамда сондай жағдай қалыптасқаны рас. Шынымен неге расымен өз қазағы өзнің қандас баурын осылай шеттетеді. Неге жергілікті қазақтар сырттан келген ағайындарға моңғол, өзбек, қытай деп ат қойып йдар тағады?
Авторы:
izbasar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту