Ескі архив · 25.05.2011 00:02

Дін және білім туралы ой

Қазақта :«Көрдім деген көп сөз, Көрмедім деген бір сөз» дейді. Гректің атақты философы, Сократ: «Мен білемін өзімнің еш нәрсе білмейтінімді, басқалар оны да білмейді» деп, бір-аз нәрсе біліп алып «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратындар » туралы айтқан. Абай атамыз: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім»- деп өзінің уысында ғылым жоқ екенін айтқан. Яғни Абай атамыз олай десе, бізге жол болсын. Әбу Ханифа деген атпен белгілі Нұғман бин Сәбит деген әлемге танымал ғұлама кісіге «сіздің білмейтініңіз жоқ шығар» делінгенде, «менің білмейтінімді аяғымның астына қойса, төбем көкке жетеді»деген екен. Мәлики Мазһабының көш басшысы, атақты ғалым Мәлик бин Әнәс «Білмеймін деп айта алу(яғни білмейтініңді білу)-білімнің жартысы», Қазақтың бір баласы«Білмейтініңді білу үшін көп нәрсені білу керек» деп өзінің «білмейтінін» мойындайды. Құранда "… Сендерге білімнен аз бір бөлік берілді деп айт" (Исра сүресі-85аят) делінген. Демек біздің (бүкіл адам баласының) білетініміз теңізден бір тамшы ғана сияқты. Яғни озық технологиясы бар деген Жапония не болды, әп-сәтте ойран-топан болды. Бүкіл Еуропаны, тіпті дүние жүзіне топан су немесе т.б апат келмесіне кім кепіл. Ғалымдар (Батыстың) күннің таусылатындығын дәлелдеп жатқан жоқ па? Қазақ атам сөзге тоқтаған. Ол қалай болады, ол «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда» ғана жүзеге асады. Мысалы, соткаң немесе машина т.б. техникалық аппаратың бұзылса, оны лауазымы үлкен адамға емес, механик маманға апарасыз. Ал бір формула немесе граматикалық ережені түсінбесеңіз мектеп директоры немесе институт ректорынан сұрамайсыз ғой, яғни сол саланы меңгерген ұстасынан сұрайсыз. Егер Абайды жақсы түсінемін деп ойласаңыз, оның "Әрбір ғалым – Хаким емес, Әрбір Хаким – Ғалым" деген сөзін қалай түсінесіз. Өзіңізді білімді сезінсеңіз, яғни 11 жыл мектепте, 4-5 жыл ЖОО оқыдыңыз, білім алдым деп ойлайсыз, ал осы «Білім» дегеніміз не? Анықтама бере аласыз ба? Осы мақаламды оқығандар әртүрлі түсінеді, және әрқилы қабылдайды. Ал, неге адам баласы әрқайсысы әртүрлі ойлайды? Тағы бір сұрақ «субстанция», «атрибут» деген не, оның осы әлемнің мәңгілік немесе өткінші екендігіне қандай байланысы бар? Ғалымдарымыз ол жайлы не деген? Демек өзіңіз көріп отырғандай бұл дүниеге қатысты болған барлық мәселеге жауап бере алмайсыз, ақыретке, дінге қатысты болған өте қиын мәселе жайында ой айтудан, пікір таластырудан, дау-жанжал шығарудан еш тартынбайсыз, құдайдан қорықпайсыз, пендеден ұялмайсыз. Біз неге дінге қатысты мәселені муфтияттан сұрамасқа. Оны елбасыдан немесе министр, әкім, депутаттардан сұрау өте үлкен қателік,өйткені ол кісілер саяси мәселелермен, яғни елді басқару, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру сияқты іспен айналысады. Сіз муфтияттағылар еш нәрсе білмейді – деуіңіз мүмкін. Олай болса сіз барыңыз ол жерге, егер өзіңізді білгір санасаңыз. Несі бар сіз муфти болыңыз… Тоқсан ауыз сөздің түйіні ретінде, «Әр істі өз иесіне (маманына, білгіріне) тапсыру» ең абзал шешім.
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту