Ескі архив · 06.06.2011 20:54

Алматының 5 вирусы

Қалай брат? Не хауар? Нестеватсың? Аманшылық па? Сен енді мектеп бітіріп жатқан шығарсың, дә? ЕНТ тапсырып болып дегендей. Жалпы, енді, біз де барлық екі аяғы бар, көзі бар, аузы бар адамбар секілді БҰТ……. ойбай……. ҰБТ дегенім ғой… Сол ҰБТ деген бәлені тапсырғанбыз. Сосын Алматыға келіп “жыртамыз, жасаймыз” деп ойладық. Былайша айтқанда, “универ оқимыз, қоғамдық өмірге араласамыз, өйтеміз, сөйтеміз, ойыыыбааааай, в общем тесеміз” – деп келіп қалдық қо Алматы деген мега-мега полиске. Сен енді өзің қазір ауылда отқан шығарсың. Братаныңның үйінде немесе бір дворовый интернет клубтың ішінде бір компьютердің түбінде гастиь етіп…)) Білмейсің ғо сен Алматыны! Келіп көрген жоқсың бұрын соңды! Солай ма? Системасын білесің ба, по понятием а? – деп қусаң ә? )) Жарайд, енді, көп созбай саған әңгіменің төтесін айтайын. Конкурстан өтіп, Алматыға келіп қаларсың енді жақын арада. Кел-кел, күтіп аламыз. Келгесін жатаққа орналасасың ғо енді. Ну жігіттермен танысасың, сынасып сөйлелесіңдер бір-біріңді. Қатайып жүред кейбіреулері: “мен ауылдың жындысымын, маған тимеңдер, айырам бәріңді” – деп…) Соның бәрін көресің ғо. Біреулер біреуге сеніп дікеңдеп жүред… )) Бәрі тарқайд оның, уақытша ғо. “Первоначальный мода көрсету” дейд оны…)) Бәрің сөйтіп 1-2 апта мода көрсетіп болғасын, барлығы өз қалыптарына түсіп, жақын достарын таңдап, адамдар арасында сортировка жүре бастайд. Кто с кем тусует деген сияқты…) Бұл өтпелі кезеңнен өткеннен кейін…., міне осы жерде бауырым, саған Алматы деген алып-aлып шаһарда безілдеп, сайрандап жүрген небір-небір вирустар аяңдап жақындай бастайд. Сені сол вирустармен таныстырып өтейін енді, рұқсат берсең. Рұқсат па? Жақсы онда кеттк… Вирус №1. Сен перваш болып келгенде объязательно, міндетті түрде, саған “гоп стопщиктер“…, ну “гопстоп” болғанда қалай, комнатаңа келіп қонақ болатын “Құдайы гопстопщиктер” келіп қалуы мүмкін. Обычно, бұлар басқа универдікі болад. Технично перваштардың комнатасын қайсы деп іздеп келед те: “Бауырым шығып кетші, өйтіп кетші, бүйтп кетші” деп ақыры: “соткаңды бере тұрш соғып жібірейін” дей та, “давай енді баса бер боссың” деп қарап тұрад. Біріншіден, сотка сұраса берме, бере қалған күннің өзінде жаңағыдай әңгіме айтып тұрса, жіберме үйтіп. Жабылып кетсең де бірдеңе қыл. Екіншіден, серьезный адам сотка шешіп жүрмейді ғо енді бала құсап. Өзіңді де бұлай отпускать етпе. Бұл деген сенің бейшаралығың. Ауылдан келгенде тап-таза болып келген жүрегіңді кірлеткендігің. Жігіттігіңнен айырылып, қатын болғандығың. Бұл жігіттікке жатпайд. Вирус №2. Желілік маркетинг. Ауызекі тілде – “сетевой” немесе “сетевой маркетинг”. “Орифлейм”, “Мэри Кэй”, “Түген инвест”, “Пәлен Инвест”, тағы не ед құрсын……………а біреуі бар анандай тас сататын, емдік қасиеті бар деп…. Көп енді келгесін өзің көреpсің…. Бұның не зияны бар дейсің бе? Бұл жүйеден ақша таппайсың емес, табасың, керек десең шылқыған бай болып, дүниені төңкеріп отыруға да болад. Бірақ бұл орта келгеніңнің өзі сені көп нәрседен айырaд. Біріншіден, бұндай компаниялардың басты мақсаты, сенің бай болып әлемді төңкеретіндай қалыпқа түскендігің емес, – өздерінің продукциясын өткізу. Сауданың жақсы болуы үшін, сендерді жұмыс істетуге мотивировать ету үшін – түрлі-түрлі семинар-тренингтер, кездесулер өткізіп миыңды пудрить етед. Айтып отырған әңгімелерінің ауаны жалпы дұрыс болса да, бұндай семинардан шыққанан кейін өміріңнің мәні ақша табу болып, жатсаң да тұрсаң да, күндіз де түнде де есіл дертің ақша болып, соның көтінен қуыыыыып жүрген роботқа айналғаныңды байқамай қаласың. Былайша айтқанда, сен сол компанияның жұмыс істейтін роботы боласың, в прямоом смысле. Сені анда-санда тренингтерге шақырып, миллионерлерді айтып басыңды қатырып, программаңды “обновиить” етіп отырад. Сен болсаң өзім үшін деп ойласаң да, біреу үшін пахать етіп жатқаның аңғармайсың. Екіншіден, сенің ішкі рухани жан-дүниеңе, жүректегі процесстерге олардың түкіргені бар. Сенің жұмыс істегенің керек оларға. Анда-санда для приличия “дело не в деньгах”, “өмірдің мәні ақша емес” деп айтып қойса да, сенбе. Сол туралы жөндеп түсіндірмегесін, қайта-қайта ақша туралы айта беретін болса, өмірдің мәні туралы әңгімелері кімге керек? Одан көтін сүрте берсін сонымен. Бауырым шын айтам, солардың ортасында 1-2 жыл жүрдің ба біттің сен! Әбден вирусталасың. Сен айтасың: “Ну и что, әңгімелері нормально, ақша табудың жолын айтад, ақша керек емес пе? Ақша болмаса қалай өмір сүресің? Бала шағаңды қалай асырайсың?” – деп. Әлбетте, ақша керек емес емес, керек! Қазіргі заманда сыртқа бір шығып келуің үшін 500 теңгең болмаса тырп ете алмай жататынымыз рас. Бар әңгіме – ақшаға деген қарым-қатынасыңда жөндеуде. Оға көңіліңді байламауда. Дистанция сақтауда. Тіпті миллион ақшаңнан айырылып қалсаң да, жүрегің міз бақпай баяғы соғысынан айнымайтын күйде болуда. Рухани азып, өтірік әңгімелерін тыңдап бай болғанша, сол жүйеге жоламай, өзің де сондай ақша таба аласың. Мәселен, сен егер, “свежевыжатый сок” сататын болсаң, жақсы жерде, бір күндік кіріс ең кемі – 15 000 теңге болад. Ойластыр одан да өз ісіңді. Мозго*бтардың құлы болма. Вирус №3. КВН. КВН болғанда қалай? Бұрын КВН деген бәлені жек көретінмін. Әсіресе ЕСАҒА-ның КВН-щиктері бар ғо… Жыным ұстайд қарап отырып. Ана приколдарға 5 жасар бала да күлмейтін шығар. Таңым бар, бірақ, жиырмадан асып, бір-бір ауылдың төресі болып отыратын жігіттер соған кәдімгідей мәз болад. Білмейм енді түсіне алмадым. Орысшасын көруге болад енді бірдеңе қылып…)) Бірақ соңғы кезде шығып жүрген Мәссағанның жігіттері, баяғы Астана командасы өзіме ұнайд. Уровень бар енді оларда…)) Айтайын дегенім, әдемі әзілге икемің жоқ болса, КВН-ге жоламай-ақ қой. Жеңіл әзіл айтып, сайқымазақ болғанша, көлеңкеде қалғаның әлдеқайда абырой әперед деп ойлайм. Вирус №4. Дін. Алдыңғы жазбамда айтып едім. Шатақ діннің шырмауына түсіп, жер-жерде жарылып жатқан қазақтың атпалдай жігіттері туралы. Есіңде болсын! Біреу келіп саған: “Әулие дейсің ба? Әулие деген кім ол? Кім берд оған ондай атақты? Ол да шіріп жатыр жер астында, қабір азабында. (Құдай сақтасын) Cаған қалай көмектесед? Олар да біз сияқты адам. Құдайға шығу үшін бізге маклер керек емес” – деп әңгімесін айта бастаса, тұра қаш сол жерден. Себебі конечный пункт – Ислам үшін, Құдай үшін деп өз-өзіңді жару! Жер бетіндегі ешкімді мойындатпай, ақыры “мен керіммін” деген тәкәппарлыққа ұрындыру арқылы, псевдо джиһадқа үндеп, елдегі берекені бұзу – еврейлердің ықпалымен қолданылатын психологиялық құрал. Сен сұрауың мүмкін: “Қалай сонда? Талай жігітті көрдік қой. Тәп тәуір. Керек десең, зиялы ақын, әнші, биші, күйші, саясаткер ағаларымыздың өзі осы идеологияда жүрген жоқ па? Олардан ешқандай жамандық көріп отырғаным жоқ. Айтатындары ұлт, қазақ. Сені қалай түсінеміз Ереке?” – деп. Расында, кейбір адамдар шын жан жүрегімен елдегі тыныштықты қалауы мүмкін. Дегенмен сол идеологияны қолдап, емеурін танытқанының өзі елге жасалған қастандық. Олардың тарапынан фундентализм, терроризмге қарсы анық, қарымды жұмыстың жасалмауы нені білдіреді? Неге жүйелі жұмыстар жоқ осы проблемаға байланысты? Бұнда астар бар ма? “Ешқандай астар жоқ” деп, саяси ходтарды былай қойған күннің өзінде, сол идеологияның дұрыс еместігін дәлелдейтін теолог мамандар жетіп артылад. Әңгіме әулиелерді мойындатуда емес, әңгіме зымияндардың саясатын көре білуде. Қай жаққа апара жатқандығын аңғара білуде. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Көрсеткен әр бір түрлі нышананы, Кереметпен білдірген ишараны. «Әулие өлік емес, тірік» деген, Қолдай гөр біздей кәріп бейшараны – деген сөзінен, немесе Ақтамберді жыраудың: Бала берсе тезінен, Пірлердің бітсе демінен Шілтеннің тиіп шылауы Артылып туса өзімнен -дегенінен талай әңгіме шығаруға болады. Теологиялық, тарихи тұрғыдан әңгіме қозғар болсақ, ұзаққа кетеміз, осы жерден тоқтап, бұл туралы әңгімені келесі жазбалардың біріне қалдырайық. Тек бір нәрсені ескер. Қазіргі кезде дін мәселесі қатты өршіп тұр. Бұл да дінге қатысы жоқ, билікті алығысы келіп жүрген ағаларымыздың саяси ойыны болуы да мүмкін. Сондықтан не болып кетсе де тек тыныш отыр. Қоғамдағы берекені алма. Ереуіл, митинг дегендерге жолама! Алыстан қаш! Вирус №5. Дебат. Сен айтуың мүмкін: “Ереке, енді, бұл жерде сен қатты кеттің. Дебатың не? Өз ойыңды еркін білдіріп, ойыңды жеткізе алып, шешен болғандықтың не жаманы бар? Дебаттан қорлық көрді деген адамды естігенім жоқ. Қайта бір-бір жерде саясаткер, маман болып отырған жоқ па шешендігінің арқасында” – деп. Рас айтасың, тіл безей білу, орынды жерінде әңгіме айтып, ойыңды дұрыс жеткізе білу үлкен өнер. Бірақ дебатпен қатты кетіп айналысып жатсаң сенің бойыңнан түрлі-түрлі ақаулар, дерттер пайда бола бастауы мүмкін. Біріншіден, дебатқа үйір болған адам, аталы сөзге тоқтау деген асыл қасиетін жоғалта бастайд. Дебаттың қызығы сол, позицияң сенің еркіңнен тыс анықталып, айтып отырған сөзіңді өзің қолдасаң да, қолдамасаң да дәлелдеуге міндеттісің. Осылайша бара-бара, уақыттың өтуімен бойыңда, орайы келсе де келмесе де, дұрыс сөзге тоқтамай, көлгірсіп сөйлей беретін қасиет пайда болады. Тіпті сені мойындап дұрыс деп тапқан күннің өзінде, бірақ мына жағы бар анау мынау деп ығңыға толығымен жығыла қоятын, сынық адамды табу оңай емес дебатердардың арасынан. Екіншіден, егер сен қыз болсаң, дебатқа жолай көрме. Себебі дебатқа қатты үйір болған адамның бойында болуы мүмкін тағы бір қасиет – ұрысқақтық. Яғни не болса соған сөз таластыруға бейім тұрушылық. Егер сен қыз болып, дебаттан тәлім алып, байға тиіп жатсаң, нағыз ерімен сөз таластырып, айтақтасатын өнеріңнің қалай пайда болғанын түсінбей дал боласың. Менің ойымша қыз позициясын дәлелдеуімен сүйкімді емес, орай келген жерінде үндемей, тіпті айтқаны дұрыс болса да, еріне мойынсұнуда. Сен айтуың мүмкін: “Қойш, сол да сөз болып па? Дебатта ешкім байыңмен ұрыс демейді ғой. На то пошло өз қолыңда емес пе өз сөзің өз мінезің” – деп. Қазақта: Жаманнан жақсы туса да, Жақсыдан жаман туса да, Тартпай қоймас негізге – деген әдемі сөз бар. Отбасылықтың бастапқы кезінде барлығы жақсы болғанымен, бытовой проблемалармен бетпе-бет келіп, маскалар шешіліп, ыстық-суық тарқаған кезде сүйекке сіңіп қалған сол бір қасиет күшіне еніп, басқартпай кетуі мүмкін. Мысалы сен ашулы болсаң өзіңді басқара аласың ба? Арыңа да, махаббатыңа да түкіргенім бар деп тұра шабасың ғой. Сол сияқты өзіңді билеуің қиын болып, өмірдің соққылары әбден есіңнен тандырғанда, сүйегіңе сіңіп қалған пасық қасиеттер оянуы мүмкін. Дұрысы, жолап қайтесің. Ой өрісті, тілді, шешендікті дамытудың басқа тәсілдері бар ғой. Одан да кітап оқы, пікір талас клубтары емес, пікір алмасу клубтарына баратын болсаң, талай білмеген нәрсеңді біліп, шешенлігіңді де арттырып, жаңа достар табар едің. Сонымен мен болдым. Бір жеріңе түйіп жүрерсің. Қателіктеріміз болса, түзеп, күзеп отырарсың. Керсен алдыңда, кездік қолыңда! )) Тәмәм…)) oitaza.wordpress.com
Авторы:
Agatay

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту