Сатушы
Әдеттегідей таңертең жұмысқа келе жатып, дүкенге кірдім. Сол баяғы әбет ала кету үшін. Кірдім де, самса-пирожкилерін сөреге қойып жатқан қызға:
— Сібежи ма? — деп сұрасам, ол:
— Көріп тұрсың ғо! — дейді самсаларын пакеттен шығарып жатып. Мен түсінбей қалдым. Нені қайдан көріп тұрмын? Сібежи екенін білу үшін дәмін татып, ең болмаса қолмен ұстау керек емес пе?
— Оу, мен тауардың сіздің дүкенге қашан келетінін білмеймін. Сондықтан да сұрап тұрмын, — деп едім, ол қыз:
— Бізде дүйсенбі күні сібежи емес тауар болмайды, — деп кіжің-кіжің етеді.
— Жарайды, алдымен сөйлеп үйреніп алыңыз, сосын қызмет көрсетіңіз — дедім де шығып кеттім. Сыртқа шығысымен қан басыма шығып кетті: «Них… я себе, жаңағыдай беспределге шыдайтын сондай жасықпын ба не?» дедім де, дүкенге қайта кірдім. Анау қызға:
— Бастығыңды шақыршы, — дегем, ол бастығы қасында тұрған келіншек екен. Келіншектің артынан еркек те көрінді басы қылтиып(мүмкін күйеуі). Басталды. Анау жігіт: «Успокойся, ты не в настроении» деп қояды. Мен оларға адамдармен қалай сөйлесу керектігін "үйретіп" жатырмын. Олар түсінбейді, сенімен дұрыстап сөйлестік деп қоймайды. Сосын еркегіне:
— Жүрші сыртқа, сөйлесіп қайтайық, — деп едім, анау екі етекті ішектерін тартты шошып.
«Мәдениетті сөйлесе алмасаңдар, көше тәртібімен сөйлейін саған» дедім іштей. Сыртқа шығарып алып, түсіндірдім анау еркекке. Ол кешірім сұрап, дүкенге қайтадан кіргізді мені. Әлгі қыздар бұл жолы мәдениетті, жымиып сөйлесті. Есікке жақындап:
— Міне, қызметті осылай көрсетеді, — дедім де шығып кеттім.
