Өзгенің көзімен қарау
Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Бұл жалғыз Азаттық Радиосына ғана тиесілі емес. Қай жерді оқып шықсаң да (пікірлерін) мақалаға байланысты тек тура пікірлерді байқайсың. Бәрі бірдей демей ақ қояйын. Арасында өзгеше пікірлер де кездеседі. Абай.кз мен Масада, Намыста, Жастарда — қай-қайсында болмасын осындай ауру бар. Тіпті, осында — керекке де сондай ауру еніп кеткен секілді көрінеді маған. Біреу пост жазады. Астындағы комментерді оқысаң барлығы қостай кеткен. Бәрі бірдей емес енді. Гастарбатыр, Сатыбалды, Асаубота сынды ардагерлер шынайы өз ойларын жазады. Міне, маған осындайлар ұнайды. Сәл қарсы пікір жазып қалса бет алды минустап тастайтындар бар(әзірге ешқандай рейтинг уқалаудың белгісі жоқ. минус дегенді ұнамайды деп түсінем қазір). Барлығы бірдей пікір ұстануы керек емес қой.
Бірді айтып бірге кетіппін. Мен бұны біреуді түзейін деп, не осыдан кейін бірнәрсе өзгереді деп жазбадым. Жай ғана ойым. Мүмкін қате де шығар
