Мен өмірді сүйемін!
Мына видеоны көргенде көзіме жас келді. "Құйрығы жоқ, жалы жоқ-
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ,қолы жоқ-
Жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып — Таздар қайтіп күн көрер?!
Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер!?" деп Асан қайғы бабамыз жырлап кетіпті. Жарайды, құлан да, жылан да күнін көрер. Бірақ, аяқ қолы жоқ адам қалай күн көреді? Жоқ, ондай адам күнін көре алады екен. Оған мысал австралиялық Ник Вуичичтің өмірі. Туылғанда аяқ-қолсыз дүниеге келген жанның әрбір әрекеті адамға үлкен мотивация береді екен. Осы кісінің бір видеосын өміріне ырза емес жандар бір көрсеші. Тесттен өте алмай қалдым деген оқушыларға да көрсетсе болар еді. Мүмкін, Джей Чонды, Стивен Сіглді шақырғанша осындай жандарды бірауық шақырып қойса нұр үстіне нұр болар ма еді…
