Жауыр болса да
Тіл жайлы мақалалар өте көп екенін біле тұра, мен қысқаша ғана өзімнің көргенімді жазғым келді, ренжи көрмеңіздер!
Осында талай рет қырсық екенімді жазған едім, уопшым менде хат алмасу тек қазақ тілінде жүреді бастықтармен. Алматыдағы үлкен бастықтарыма қазақша жазған хатымды авторлық бақылау тобының бас маманы Салауат аға көріп таңқалып жүрді басында.
— Қазақша білемін дейтінім болмаса, біздікі жәй базарски тіл, сенің хат жазуың өте керемет екен, Алматылықтар түсінеді ме мынаны?
— Әрине түсінеді, жазғанымды орыстар түсініп қоймасын деп әдейі қазақша жазамын, білгісі келіп бара жатса аударып алсын
Біраз уақыттын соң, Жаңабек ағадан жауап келді. Жауап емес роман дерсіз. Салауат ағаның екі езуі екі құлағында, көздері жайнап кеткен.
— Жаңабек те жазып қояды екен а
— Ой менің қазақшам интернетски, оның қазақшасы нағыз әдеби, кітап көп оқитын кісі ғо
Осылай күліп отыра берер едік, тасып отырған көңілді Нұрланның жазған хаты құртты. «Салауат маған орысша сөйлеңізші, өйткені мен қазақша түсінбеймін» деген. Салауат ағаға бетіне айтуға ұялған болар, хат жазып жіберіпті. Бұл Нұрлан екеуіміз Теңізге бірге келдік, қазақ деген аты болмаса, қазақтармен ісі жоқ. Бір күні асханада тамақтанып отырсақ, бір жігіт келіп
— орын бос па?
— нет
әлгі жігіт бұрылып кетіп барады
— что он спросил?
Мен дауысымды көтеріп әлгі жігітке
— бос, деп шақырсам да келмей қойды.
Америкада ма, еуропада да, әйтеуір сыртта туылып өсіп түсінбесе ештеңе емес, бұндай мәңгүрттер елде жүріп «бос па» деген сөзді түсінбеген соң не үміт не қайыр! Қазақстанның қай облысына барсаң да қазақша сөйлейтін (тым құрыса түсінетін) адам табылады ғо, бұл қай мемлекетте жүр деймін де.
ПС: Мұнда ещо не ғо, біраз шетелдіктермен таныстым да «пожұмыс», сол кісілер Нұрланнан да жақсы сөйлейді екен қазақша, оларды ешкім үйрен деп қыштамаса да!
