Ескі архив · 24.08.2011 17:12

Химиямын

Кеше мен – У іштім – Сен су ішкен кесемен. Өлмедім, өнбедім – Үкімін шығарды пешенем. Оң заряд емеспін, Керімін – Талайлы тағдырдан жерідім. Сүлдерім сүйретіліп жүргенмен – Жеті қат жер асты серігім. Жүректі тырнайды, ұлиды – Арлан емес, бір қаншық – Бөрі мұң. Қыздырып қызғаныш отының – Көрігін. Тірі боп жүргенмен – Өлімін. Сенсең сен – Теңізбін толқыны жағада теңселген. Теңіздің ғұмыры – Қос қарашығыңдағы – Тамшымен өлшенген. Қинадың – Сондықтан жұмбақпын, химиямын – Бір жүз төрт элемент топтасып, Жарылғыш заттарды жинапты – Толтырып шикілеу – мендегі миға мұң. Жанымды уран жеп, Тасындым, теріме сыймадым. …Әруақ кейпінде жүрсем де – Мен сені ешкімге қимадым. Өтінем әлі де кеш емес, Құш мені – Құлшынып, сүй жаным! Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту