Ескі архив · 25.08.2011 11:19

Табыттың ішінен

Мариана – Түпсіз терең шұңғыма ойдан жалықтым, Айсберг-жүрегіме мекендепті алып мұң. Таңертеңмен тереземнен күлім қағып жарық күн, Талып-талып естіледі үні кешке табыттың. … шынымен – Жалықтым, кірледі кіршіксіз көңілім, Бес күннің шеткері тұсында күлкі де, төрі – мұң. Меридиан маңында өткелек тұр іздеп өмірім, Экватор шалғайда қалды ма?.. Күттірмей кел енді, Өміршең – Өлімім… Сені аңсап, қарашығы суланды жанардың, Сені аңсап, таусылды, талайлы тағдырға тағар мін. Ей, жалған өзіңнен таппаған бақытты күндерді, Тар шеңбер, аядай, табыттың ішінен табармын… Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту