Ескі архив · 27.08.2011 18:16

...бәлкім...

Кеберсіп барады мүлде, Ерніңе сүйеген ерін. Өзгені құшақтап түнде, Өзіңді сүйе беремін. Жасырын нөмірден күнде, Қоңырау шаласың неге? Жасырын нөмірден түнде, Қоңырау шаламын неге? Үнсіздік… жымиыс… тосын, Бұл бәлкім – өлімнің үні. Демігу… күрсініс сосын, Бұл бәлкім – Өмірдің мұңы. Бөрідей аласұрған ұлып, Өтуде өзіңсіз әр күн. Бақиға енген соң күліп, Бақытты болармыз бәлкім.
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту