Өлімдегі Өмірлерді тосамын
Күңгірттеу күдікпен көңілдес,
Желіккен көңілді тұсадым.
Мән мазмұн қалмастан өмірде еш,
Асығып ажалды құшамын.
Автор
Есінеген ессіз қоғам «АЛЫБЫН»,
Ұйқысынан оята алмай налыдым.
Адам біткен неге маубас боп алды?
Аңғармайтын дүниенің Жарығын.
Мына менің жалғыз ғана жазығым,
Мықтылармен шайқасудан қажыдам.
Ішкі әлемім түссіз түспен боялған,
Сыртқы әлемнің Сыңғырлаған сазы – мұң.
Тойтарам деп тексіздердің жасағын,
Өмірдегі Өлімдерден қашамын.
Оята алмай өр РУХЫМНЫҢ санасын,
Өлімдегі ӨМІРЛЕРДІ тосамын…
Рухымды да ӨЛІМ дерті меңдеген,
Тірі деген талайларға сенбеп ем.
Планеталар маңайында қалқып жүр,
Сияқты ғой, шалажансар, ӨЛМЕГЕН.
Тектің КҮШІ тексіздікті жонса тек,
Болмас па еді ақымақтар онша көп.
Кеше түнде дұға оқыдым өлеңмен,
Ұшқан рухым ШЕНДІЛЕРГЕ қонса деп.
(ӘУМИН!)
Табиғат АБАИЛДАЕВ
