Мен көрген Астана
Астана тамаша, ғажап. Әдемі ғимараттар. Зулаған шетелдік көліктер. Бәрі жақсы, бәрі керемет.
БІРАҚ…
Мен көрген Астана бөлек. Кемшіліктерін айтқым келіп тұр ғой:
1) Мешіттің санынан шіркеудің саны көп. Бұл өзі Ресей ме әлде Қазақ елі ме? Әлде мен жүрген жер шіркеудік жаны болды ма екен?! Шіркеу неткен көп еді деп іштей ызаланып келе жатсам анадайдан менмұндалап синагога тұр. О Құдай, бұ қалай болды?! Әйтеуір мен білетін мешіттер Нұр Астана, Артемнің қасында Ғылмани атындағы бір мешіт және Шұбардағы мешіт, одан басқа қандай мешіт бар? Тағы бір байқағаным бұ жақта Алматыға қарағанда хиджабтағылар аз екен. Бәлкім, орамал таққан әпке-қарындастарымыз үйлерінде отырған шығар деп жақсы ойлап қояйық!
2) Қазақ тілінің халі мүшкіл екен. Қай облыс орталығына барсаң да орысша сөйлейтіндерді көріп үйренгенбіз ғой. Алматыда да солай. Бірақ Алматыда орысша сөйлейтіндер мен қазақша сөйлейтіндерді түріне қарап-ақ байқауға болады ғой қайсысы қай тілде сөйлейтіні. Ал мына жақта түріне қарасаң ауылдың қап-қара қазақтың баласы, бірақ бірауыз қазақша білмейді, таң қалдым. Қайдан екенін сұрасаң, солтүстік жақтан екенін аңғартады. Қайда-а-ам, қанша уақыттан кейін барлық жерде қазақша болатынын. А мен қырсықпын, Астанаға келіп осы қырсықтығым одан сайын шыңдалды: БӘРІНЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН, ТҮСІНСЕҢ ДЕ, ТҮСІНБЕСЕҢ ДЕ!!!
