Көп қыздың әкесінің әлегі.....
Шалғай ауылда бір ағайым тұрады. Көпті көрген көнбіс адам, ешқашан ренжіп, ашуланып айғайлағанын көрген емеспін, бірақ, әрбір адамның "өз қотыры" болады демекші, оның да әлсіз тұсы бар…
Құлжабайдың үйленгеніне үш жыл толды, қыздай алған Сәбирәсін ауылдың фельдшері роддомға әкетті, аға-інілері «папаша боласың, ұлың туады»,-деп иә көтермелеп, иә әзілдеп қояды. Ұлдың туылатынына әбден сеніп алған Құлжекең конторға барды, біргәдірдің кабинетіндегі телефон арқылы роддомның регистратурасына телепон соқты. Ана жақтан "қыз туды, құттықтаймыз" деген қысқа жауапты естіген Құлжекең есеңгіреп қалды. Қалайша? Сәбира не былықтырып жүр? Ұл қайда? Үйге тәлтіректеген күйі жетті. Алғашқы немересі туралы хабарды алабұрта күткен шешесіне "қыз",- деп шорт қайырды да, үн-түнсіз диванға бүк түсіп жата кетті.
Шешесі ұлының оқыс мінезін көріп аң-таң, біраз уақыттан соң ғана Құлжабай беті бері қарады. Әйелі екінші рет қыз туғанда ауылдан бір жұмаға безіп кетті.
Кейін «ер кезегі-үшеу»,-дегенді өзіне медет етті, Сәбира үшінші рет перзентханаға барғанда егіз қыз туды. Құлжабайды асылайын деп жатқан жерінен туыстары әрең ұстап алды.
Үміт әбден үзілгенде ұл да дүниеге келді, бірақ, Құлжабай қуанышын көрсетпеді. Жүйкесі әбден тозғанда Сәбираға: «Мен тек қыз ғана жасайтынмын, ер баланы кімнен туып алдың»,-десе керек.
