Ескі архив · 31.10.2011 19:34

ҚАРА-АЛА СЫРМАҚ Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ

Ар ма алқалы керекинфолықтар! Сіздердің алдарыңызға тағы бір жас ақынды әкеп отырмын. Өзін емес, өлеңін көріңіздер. ҚазҰУ-дың мұзбалағы. Көп ғашық болатын жігіт. Соған қарағанда бірдеңе шығады-ау деп ойлаймыз. Көңілімнен айығар сырғақ-күдік, Бала күнді толғансам жырлап тұнық. Анам сонда жүретін тым асығып, Ою салып, өрнектеп, сырмақ тігіп. Балалықтың аңсадым құлынды әнін, Қайда қалдың тым тентек жұлынған үн. «Келіншек алып берем» — дейтін анам, «Қайтесің?» — деп сұрасам «мұның бәрін». Армандаумен өткеріп таңды кілең, Бір қиял көкірегімде жанды білем. «Келіншек алу үшін» — деп ойладым, Өрнекті сырмақ керек алдыменен. Бәрі де сақталыпты есте берік, Сырмақтар тігілген соң кестеленіп: «Көршінің кенже қызын алып бер» — деп, Қыйғылық салдым бір күн кешке келіп. Шағым ол ойламайтын тереңдей тым, Қайғының сезінбеген керең кейпін. Үйіне барсам ылғи әкесі де, «Қызымды саған ғана берем» — дейтін Гүл-балалық құшағын тұрады ашып, Естуге шат күлкіні құлақ асық. Әйтеуір жалған-шынын біле алмадым, Анашым келді бір күн құдаласып. Қуаныш үн көңілді көтерді асқақ, Енді бәрін көзіммен өтем жасқап. Жүрдім сосын сыртынан иемденіп, Ауылда жігіт те жоқ бөтен-бастақ. Елітіп жастығымның күй ырғағы Аңсадым арман жолын қиырдағы. Тігіліп қанша сырмақ бітсе дағы Қайтейін көрші қыз да бұйырмады. Малданып белең берген жырға қылаң, Кеудемде шертілгенмен сырғалым ән. «Олжасыз» барғанымда анашым-ау, Ұялам сол қара-ала сырмағыңнан.
Авторы:
Kasymolzhas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту