Ескі архив · 08.11.2011 01:32

Қияли ой №1

Бас қатып, ми ағып отырмын міне. Неге деймісің?! Онда қағып ал: Шексіздіктің шегі барма? Мың емес, шамамен 500 реттей ойланып 156 рет толғанудың нәтижесінде мындай шешімге келдім: Меніңше жоқ!!! Бізде сол бір шексіздіктің бір бөлшегі іспеттіміз. «Сен», «мен», «ол» — бәріміз адамбыз. Солай екеніне бәрің кәміл сенесіңдер, БІРАҚ ол олай емес, біз адам емеспіз ыхххх!!! Адам деген дене бітімімізге қарай бір типке бөліп, қалған жан-жануарлармен, өсімдік, құрт-құмырсқалардан бөлудің амалы. Мысалы: лібәттің бас қатып отыр… Мен жеке бір бөлшекпін (мен адам емеспін, мен x-бөлшекпін), мен бұл ғаламда жалғыз ғана экземплярмын, «сенде» «олда» сондай. Түсініктірек болу үшін бір қарапайым мысалға зебралар туралы мәліметтерді өздерің тауып алыңдар. Осы тұжырымыма байланысты біз адам емеспіз, біз шексіздіктің бір бөлшегіміз. ОО әкесінің баласы не болып кетті?!!! Шексіздікпен х-бөлшекті неге қатар айтып отырғанымның себебі: Егер х-бөлшектің аумайтын түп нұсқасын жасағанмен де оның бәрібір бір «түгі» х-бөлшектен кем болады, егер түгі де түгел болса онда сол түктің ішіндегі бір атом кем болады, ал ол атомның ішінде талай шексіздіктер жатыр, микро шексіздіктер… Ой КЕч бас қатты не жазғаным өзіме мәлім. Мына сұмырай ой басыма қайдан келіп еді Ғафу етіңіздер тағы бір мысал басыма соғылып былш ете қалды: Мен ойланып отырмын ия? Енді осы не ойлағаным туралы ойланып отырмын, осылай кете береді. (Сәтсіз мысал)
Авторы:
Aramza

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту