Ескі архив · 12.11.2011 23:56

Аманай мен Заманайдың басқа нұсқасы

Оралхан Шоқанды сүйді. Өзі мыңды айдаған байдың қызы, әкесі кәмпескеге ілініп, айдауда жүр. Шоқан "қаратаяқ", шолақ белсенді. Қосылды екеуі. Бір замандарда айдаудағы әкесі қашып келіп, елін жиып, бір түнде Қытай аспақ болады. Қызының аяғы ауыр, күйеу бала мына жақтағы мансабын тастап, еріп кетеді. Арғы жаққа орнығып, дүниеге сәби келді. Бір жасқа толды. Бір күні Шоқан атын ерттеп, бір жасар баласын алдына алып, жүре береді. бір сұмдықты іші сезген ана күйеуінің артынан ереді. Жаяу аяңдап, біраз жүреді. ерінің қайтпасын, мықтап бекінгенін түсінгенде: «тым болмаса бір рет емізейін» дейді. «Сенің бір емізгенің не болады дейсің» деген жауап естиді. Сол орнында қалшиып тұрған әйеліне қарамастан, ері баласын алып, кете береді. қашқын босқындар жүретін соқпақтарға түседі де, елге тартады. жас келіншек қатты қиналды, омырауы сыздады… қызының жайын ұққан әкесі бір күні алдына ат ерттеп тартты: «бар, балам». Апамның айтуынша, сол сәтте арқасынан біреу қамшымен осып өткендей болды. ешқайда да кетпеді. Отбасында баскөтерер өзі ғана еді. жалғыз інісі бес жаста ғана болатын. Кейін тұрмысқа шықты, тағы он үш құрсақ көтерді. Солардың тірі қалған алтауын алып, өзінің бауырлары, қайнылары бар, үлкен әулет болып елге оралғанда, Шұбартауға әкетіп бара жатқан пойызды жанамалай жүгіріп, «Барлықтың семьясы бар ма?» деп зыр жүгірген жігітті көреді. Ол сол баяғыда әкесі әкеткен бала еді…
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту