Облом болғаным
Асауботанын Сүйіктіңізге хат жазасыз ба? постын оқып отырып, мына оқиға есіме түсіп кетті. Соны өздеріңізбен бөліссем :)
Қорқыттың студентімін. Студенттік өмір қызып жатыр. Қызып қана қоймай, Валентин күнінде қайнап жатқан уақыт. Екі курс жоғары оқитын жігіттен хат келді сол күні. Хаттың тоқ етері, кездесуге шақырыпты. Кездесуден қашатын басым ол жігітке бара алмайтынымды айтпақ болып, оны кабинетке шақырып алдым.
Келді. Кабинетте екеуіміз отырмыз. Ол маған қарайды, мен оған. Біраз уақыт отырдық үнсіз. Ол қасқа ойлаған шығар, сөз таба алмай отыр деп. Мен отырмын неге сұрамайды деп. Ақыры шыдамадым да, кешір, бара алмаймын дедім. Жабық тұрған тығын ашылды, енді іркіліп қалу деген жоқ қо, хатыңа рахмет, кездесуге бара алмаймын деп споооооооокойно шақыру мақсатымды айттым.
«Уфф» деп демімді алып отырсам, сен емес пе кездесуге шақырған, мен ешқандай хат жазбадым деееп қарап отыр ағам.
Сөйтсем, ол менен хат алған, мен одан. Хатта кездесу орны мен уақыты көрсетілген.
Қыздардың істеп жүрген тірлігі екен. Маған көмектескісі келген екен да. Ол жігіт ұнайды деп миларын қатты ашытсам керек, содан осындай тірлік жасаған. Тек менің кездесуден қашатынымды білмегендері :)
