Ескі архив · 23.11.2011 18:10

Бестен енді асқан кішкентей жігіттің жүрегі.

Біраз тұмауратып, үйде болға немеремді балабақшадан алып кетуге бардым. Әдеттегіден ертерек барғаным дұрыс болса керек. Немеремнің көңіл-күйі онша емес екен… Апайы да біраз күмілжіп, балаңыз маған ренжуліні айтты. Себебін сұрап едім, өзі айтармен әзілдеп шығарып салды бізді… Тысқа шықтық: — Ата немен келдің? — Автобуспен. — Онда күте тұрайықшы Томиристі… — Неге балам? — Атасымен сөйлесіңізші, кәзір келеді оны алып кетуге. — ?...! Не жайлы? — … — Балам, ертерек үйге жетуіміз керек. — … — Жолдан дүкенге кіреміз, не алып берейін? — Гүл алайықшы. — ?.. Балам оу, гүл сататын дүкен басқа жерде. Ертең мәшинесі жүргенде көкеңе айтарсың. — Оййй, ол алмайды. Келекетеді. -...? Балам, гүлді апайыңа сыйламақшымысың? — Томириске. — :-), :-), :-) Туған күніме еді? — Жоқ, мен оған ашықпын. Бәрі біледі. Олда маған ашық. Бірге билеуші едік — мен ауырып қалғанда Ерлікпен билетіпті апай…
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту