100 литр айран...
«Айран» деп негізі біз жақта күбіге құйып пісетін сусынды айтады, Астанаға келгеннен бері «айран»деп біздің "қатықты" айтатын болдық. ал, менің айтайын деп отырғаным сол "қатық" туралы.
Бір күні мамам біздің 50градус ыстықта шауып жүретінімізге шектеу қойып, түстен кейін ұйықтатып, сыртымыздан есікті жауып кететінді шығарды. Жапқанда қалай, енді құлып салмайды, есіктің сыртқы бетіне қағылған үлкен шегені қайырып кетеді. Ол шеге бізге проблема болып па?! мамам жоқта үйге ұзындығы 1,5-2 метрдей болып қалатын таяқты тауып алып, киіздің астына тығып қойдық(кейін сол таяқ үнемі сол киіздің астында жата беретін болды, на всякий случайға) сосын мамам бізді аңдып, терезеден қарауды ұмытты аааау деген кезде, есікті ырғап-ырғап, таяқ сиятындай етіп ашып аламыз да, шегені итеріп, есікті ашамыз. сол күйінде есікті қайтадан жауып кетеміз. өйткені, үйде ініміз бар ғой. ол оянып кетіп, мамаға барып қойса, біздің шаруамыз бітті деген сөз… Сондай еркіндіктің дәмін сезіп жүрген кездердің бір күндерінде мен асханаға бардым. мамам отын жинап жүрген 100 метрдей жерде. Бәрін есептедім, кірем де 1 бақыраш су ішіп, шыққанша мамам есіктің алдына жетіп үлгермейді деп, ішке кірсем, бақыраш менің бойым жетпейтін жерде тұр, әшейінде үстелдің үстінде тұратын 50 шақты кружканың бәрін шкафтың үстіне жинап қойыпты(мамам негізі қатты пысық жан, Ақұдайдың қызы ғой ) Әрі қарап бері қарап су ішетін ыдыс таппаған соң, бетімді батырып іше салайын деп кастрюльдің қақпағын ашсам су емес, қатық екен. Әшейінде жұмысшылар ішіп болғаннан кейін түбінде қалғанын ішетінге үйреніп қалған, мына бақытты көргенде қалай тоқтайын?.. ауыз батырып іше алмайсың, қасық іздеп жатуға уақыт болмады, әйдаааа қолды салып жіберіп(кірлігіне қарамастан), алақанымнан ұрттап ішіп тұрғанда біреу артымнан салып жібергенде, 100 литр қатыққа тіземе дейін батып кеттім. Күріштікті аралап, қой, ешкіні қуалаған баланың үсті қайдан таза болсын, мамам ұру кезінде физика заңдылығын ашумен бағындырғысы келді ма білмеймін, құлайтынымды есептемепті… мамамның көмекшісі Алданыш апам кіріп келіп, мені қорғаштап, үйден қашып кетуге көмектесті. уххххх деп таяқ жемегеніме мәз болып, жүгіре жөнелдім. Арыққа барып, барынша жууға тырыстым. Үйге барып, киім ауыстыруға бетім дауаламайды. Сол күні мамам жұмысшыларға қатық апарған жоқ, кешке бригадир Жарылқасын ағам мынау ма қатыққа шомылған қыз деп мені көрсетіп күліп алды. Одан кейін асханаға кірмейтін болдым. Одан да қызықты жерлер көп еді ғой… папамыздың комбайнының төбесіне мініп алып күріштің қалай орылатынын, комбайннан қашқан борсықты, сарышұнақты, қырғауылды тамашалаудың өзі балалық шағымның ең қызықты кезі еді ғой… Қысты жек көретінмін, өйткені ауылға көшіп келетінбіз, көктем шыға полевойстанға көшу деген біз үшін ЕҢ бақытты сәттеріміз еді...ПыСы: баланың кастрюльден аяғы ғана шығып тұрған суретті таппадым, мен де осы бала секілділердің бірі болғанмын… сурет интернеттен алынды
