Есіміңнің сырын білесің бе?
Менің атымды көп адам дұрыс айтпайды. Дұрыс айтпағанда, Н мен Гүлге қатысы бар аттардың бәрімен аталып кете беремін: назира, Гүлназ, ГүлнӘз, Гүлзада, Нұргүл, Гүлнұр, Гүлнар, Назерке, Наргиз, т.с.с Тек Назым дегендерге ғана ренжімеймін.
Кейде мамама «менің атымды өзі азан шақыртып қойғызғансыңдар ма?» деймін.
Мен әкем мен шешемнің бес жыл дегенде көрген тұңғыш перзентімін. Және апамның қызымын. Апам бірде ұйқысынан «дәлел айтып» ояныпты (діни сауатым жоқ, оның не екенін білмеймін). Сол кезде «кенжемнің тұңғышының атын Дәлел» қоямын деп шешіпті. Оның үстіне, Қытай қазақтарының кумирі Шығыс Түркістандық генерал Дәлелхан да бар.
Содан, мен туғанда апам менің атымды «Дәлелгүл» қоймақ болады. «Баланың не жазығы бар?!» деп әкем зар илепті. Ол кездері біздің үйімізге үлкен үлкен жазушы, ақын, музыканттар көп жиналады екен. Солардың бәрі жабылып маған ат таңдамай ма. Не керек, қазақ тарихындағы, әдебиеттегі «мынау деген» есімдердің бәрі аталады. Бірақ бірін апам, бірін әкем «балаға ауыр болады, тым маңызды ат» деп қойғызбапты.
Осылайша, атсыз қала жаздаған мен байғұсқа ақыр аяғында әке-шешем осыдан үш жыл алдын бауырына салып алған, бірақ мен туардан аз бұрын ол кезде емі жоқ лейкимиядан шетінеп кеткен тәтемнің қызы Гүлназдың есімі бұйырыпты.
Ол сәби ақжолтай болыпты біздің отбасына. Менің артымнан ұл да, қыз да ерді. Апамның арманы да орындалды. Сексен жетінші жылғы ініме Дәлел деп ат қойды.
ЗЫ. Нәзігүл, Назигүл деп атағанды жақтырмаймын.
