Джентльмендік келісім-шарт
Заң алдындағы жауапкершілікке емес, типінақ — ұятымызға сеніп тапсырылған құпиялар болады (әрине, соңғы оқиғалар оның кейбіреулерде болмайтынын көрсетіп отыр). Кейде тіпті іздемесең де ашылып қалатын құпиялар болады. Айталық, біреудің флэшін қаравотырып, біреудің қатыны біреуге ерекше жабысып отырғанын көріп қалдым делік. Жарайд, көріп қалдым нақ. Бірақ бөрікті аспанға атып, қуануға еш себеп жоқ сияқты. Білетінің бір затқа көбейгенде тұрған ештеңе жоқ. Алжып шал болған кезде азая бастайды өзінен өзі. Енді мен мұны ешкімге айтпаймын.
Жарайды, айтып қоюым мүмкін. Айталық, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреуге. Немесе, өте-мөте сенімді адамдар мен адамдарға. Бірақ.
Бірақ елестетіп көріңіз:
— Мен саған бірдеңе айтайын, ешкімге айтпа, ия ма?
— Иә! («айтпай-ақ қой лібә, аузым мен көтімде сөз тұрмайтын сұйық пендемін мен!» дейтін адам некен-саяқ негізі).
— Аха, онда не ғой, мына жердегі нотариатқа барып келе қояйық.
— Неге нақ?
— Енді, қолхатың болғаны жақсы да, ешкімге айтпайм деген. Әйтпесе кім білген, заман қандай, заң қандай…
Меніңше, өмір әлдеқайда ішпыстырарлық болып кетер еді. Джентльмендік үнсіз келісім болмаса. Құпиясы жоқ адам жоқ, Исаның тірлігінің өзінде әлі күмән тудыратын жерлері бар, шиваныңөзікешірсін.
Дақоя сөздің тобықтай түйіні — мәлімет алмасу кезінде белгілі боп қалатын анау-мынауды үрлеп, шар қылып; Eutelsat жүйесі арқылы бүкіл 99 канал арқылы таратудың қажеті шамалы. Саған тап сол жерде-ақ сенім құриды. Шын айтам нақ.
Типінақ, джентльмен болайық дегенім ғой нақ, Aizhantabyn , «кто бы говорил!» деп ұялтпаш нақ, өзім әзер отырм
