Кездейсоқ өлім...
Поездға мінгізіп тұрып Апитогым "Ішің пыспайтын болды" деп күлді. Мән бермей қала бердім. 11ден аса еш қаперсіз ұйықтап кеттім, түсімде вертолеттен суға секіріп жатыр екенмін, әрі қарай құлағынымның түбінен: Аллаху акбар, Аллаху акбар дегенді естідім. Шошып кеттім, алғашқы ойым: о, бляяяядь, өліп қалдым ба не?! неужели менің жаназамды шығарып жатыр, мәәәәә мен қазір тұрсам, жаназама сапқа тұрғандарды О дүниеге аттандырып жіберем ау әәә, мамам қайда екен, оянбай тұра тұрсам қалай болады, моланың басына барғанда оянып, мына жердегілерді шошытпай дедім. Ақыры шешімге келдім, әлгі жаназамды шығарып жатқан молдамен бірге «Ықылас» сүресін бірге оқыдым. Неге мен қиналмадым өлгенде деп қоям. Осы ойымның бәрін басқа бір дауыс бөліп жіберді. «Дядям, мына апай тұрмайды ма, күн шыққанда тұру керек қой?» деді кішкентай бала. Әлгі жігіт намазын оқып бітіріп, бір нәрсе деп жауап беріп жатты. Түнде поездға мінгенде Апитогымның ішің пыспайтын болды дегені есіме түсім, күліп жібердім.
Купеге кірген жігіттің бетіне мән беріп қарамаппын, сөйтсем «сақалды» жігіт екен. Сонда түсіндім, неге ішімнің пыспайтынын. Қасындағы 6 жасар жиені «Иншаллаһ, Машаллаһ, Әлхамдуллилаһ» деп сөйлейді екен. Тәрбиені осы бастан бастаған екен ғой дедім де отыра бердім. Естуім көп болғанымен, білемін деп кеуде соға алмайтын тақырып болғандықтан, әлгі жігітпен дін тақырыбында сөйлескім келмеді. Оқып отырған кітабымды көріп, тарихты жақсы көресіз бе деген сұрағына деректі фильм түсіруге дайындалып жүргенімді айтып едім, неге сіз тереңде жатқан тарихты қазбалағыңыз келеді, неге Ыбырай Алтынсарин мен Шәкәрімді зерттемейсіз дегенде, үмітім үзіліп кете барды…
