Ойларыңды тазартыңдар...
Бір жерден оқып едім… Есіме түскенін жазып отырмын. Кей жерін ұмыт қалдырсам, айып етпеңдер.
Бір күні далалықта екі монах келе жатса керек. Бір жерге келгенде тереңдеу арықтан өтетін жерге келгенде, салынған өткел бұзылып қалып, бір келіншектің содан өте алмай тұрғанын көріпті. Бір монах, құдай алдында берген уәдесін бұзбайтынын айтып, келіншекке көмек бермей өзі өткелден аттап өтіп кетіпті. Екінші монах, әлгі келіншекті құшақтап, көтеріп, өткелден өткізіп жіберіпті. Өткелден 1-2 шақырым алыстағаннан кейін бірінші монах шыдай алмай екіншісіне: «Сен құдайдың алдында нәзік жыныстыға қол тигізу былай тұрсын,қарамаймын деген уәде бердің, ал, өзің жаңағы келіншекті құшақтауға қалай дәтің барды? Күпірлік қылдым деп қорықпайсың ба?» деген екен. Сонда екінші монах: «Түсінесің бе, мен ол келіншекті өткелден өткізген жерде-ақ қалдырып, ойымнан шығарып тастадым. Ал сен, ол келіншек туралы әлі ойлап келе жатырсың, ал, енді қайсымыз көп күнәға баттық деп ойлайсың?» деп жауап берген екен…
