Балапанға оқып беріңіз :)
Мынау – балалар ақыны Сұлтан Қалиевтың «Қандай болып өсемін» атты өлеңдер жинағынан. Кеше ескі кітаптар жиналған жәшіктен кездейсоқ тауып алып, қайталап оқып шықтым. Қуанып кеттім Бала күнімде жатқа оқып жүрген керемее-еет өлеңдер ғой бұл! Кейін баларыма оқыту – дело личной чести
Сіз де оқып беріңіз
Радио мен монтер
Балалар жүр той жасап, бірі – «шопан», бірі – «ұстаз».
Біздер өстіп ойнасақ, қынжылыс та, ұрыс та аз.
Шелек киіп басыма, «радио» болдым да,
Шығып ағаш басына, отырдым кеп орныма.
Құстар ұшып төбемде, тақпақ айтып, ән салам.
Сүйсінеді төбемде қарап тұрған барша адам.
«Бұзылып» ем мен бірде, «монтер» болды Нұралы.
Жөндеймін деп келді де, құлағымды бұрады.
Үнім шығып бір өзге, көзіме жас іркілді.
-Жөнделді,- деп,- лезде,-барлық бала бір күлді.
Ойнап соқты үзімді, қандай өкпе айта алам.
Қысып қойып көзімді, әнге бастым қайтадан.
***
Дауыл мен ауыл
Бір топ бала көлге ерте
келдік қармақ, дүрбі алып.
Қысқарды көп көлеңке, қаппай қойды бір балық.
Қайнатады миыңды, нақ төбеден күн күліп.
Сыпырып бар киімді, иірімге сүңгідік.
Әрі-бері малтыдық, доп ойнадық бір ауық.
Шаршаған соң алқынып, құмға келіп құладық.
Құмның ыстық аптабы денемізді қыздырды.
Дауыл ғана жатпады, жағалауды із қылды.
Көз тастадық тынып сәт, тамашалап Дауылға.
Капитанша дүрбі ұстап, қарап тұр ол ауылға.
Күйдіргендей күн үстін, кенет бұрлы иығын.
Тастай салып дүрбісін, киіп алды киімін.
Неге ерте кигенін сұрап едік белгелі:
— Әктеп жүрген үйлерін Айгүл қарап тұр, — деді.
Қызарып тұр Дауылдың бас шекесі, құлағы.
Сонда көзі Айгүлдің дүрбідей ме қырағы?!
***
Атам, әжем, ағам мен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі – отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып.
Арқасында – кіші інім.
Саны қанша, айта ғой үйдегі бар кісінің?
***
Он саулықтың ақпанда егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда, жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар, қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал жетті қанша тұяққа?
Қазақша кітаптармен қоректендіруден жалықпаған, балмұздақ пен сағызға «запрет» қойып, орнына өлеңдер жинағын алып беріп өсірген ата-анама мың алғыс. Соның арқасында ғой орысша оқыған бала-шағасы ана тілдерінде шала жазса да, еркін оқып, еркін сөйлеп жүргені ))
