Детишкам отдаш...
Қайсы жаңа жыл екені есімде жоқ.Әйтеуір кластастар біздің үйде бас қостық. Майқұдықта(Қарағанды). Ол пәтеріміз екі бөлмелі болатын.Бірақ бұл оқиға жаңа жылдан бір күн кейін,1-ші қаңтардың түнінде болғантын.Түпкі бөлмеде біз (үйленген кез), тағы бір үйленген кластасым қатынымен жататын болдық. Бойдақтар қонақ бөлмесінде ұзынна-ұзақ жата салатын болып келісілді. Еркектер жағы карта ойнап, біраз отырып қалдық.Келіншектер түпкі бөлмеде.Ана кластасымның келіншегі ұйқыны жақсы көретін, бір ұйықтаса оянуы қиын келіншек. «Аттың сыры иесіне мәлім» дегендей күйеуі де соны аңдып отыр. Бір кезде мен далаға шығып келемін, бір-екі сыра ала салайын деп шығып кетті.Жарты сағаттан соң құрдасым есік қағып тұр.Қасында бір орыс келіншек. «Киоскідегі қатынның подружкасы екен» деп қояды.
-Бля, жынды екенсің ғой,қатының ана бөлмеде жатыр емес пе ?-десем,«ол оянбайды» деп қояды. Содан не керек дәретханаға кіргізіп алып шаруасын бітірді.Біздерге көресіңдер ме дейд. «Ойбай, құрысын, көзін жоғалт тезірек» деп мен шын сасып тұрмын.Бір отбасының ажырасу себебі біздің үйден шыққанын қаламадым шыны керек. ана қатынды есіктен шығарып жіберіп жатып столдан бір уыс кәмпит алып «На, детишкам отдаш, с новым годом!» деп қояды еш саспастан.
