Фғансуз халқының ертегісі. "Жак-дегустатор"
Еее нақ, бұл сонаау — Людовик ағзамның тасын шауып алған күндері орын алған оқиға болса керек. Шешесстің.
Жорждың алқаш ұлы Жак алаңға шығып бөсіпті:
— Кез келген шараптың атын бір-ақ ұрттап айтып бере алам!
Тобыр дереу үш кесе шарап әкеліпті. Жак біріншісін ұрттап:
— «Дон Периньон», 1710 жылы құйылған. Емен бөшкеде 8 жыл ұсталған!
Ду қол шапалақ. Жак екінші кесені ұрттап:
— Chateau «Margaux», 1705 жылы құйылған. Ароматынан Дижон гарфтығының күнгейде өскен жүзімдіктерін сезіп тұрмын. Емен бөшкеде кемінде бес жыл ұсталған.
Тағы да ду қол шапалақ. Жак үшінші кесені ұрттап, құсып жіберіпті де:
— Жарандар, бұларың не, жылқының дәретін құйып не мазақ қылғандарың! — деп, кемсеңдепті.
Сол кезде тобыр арасынан бір қаззақ суырылып шығып(ол не істеп жүр десейш, мал әжеңң!), «мен көрсем бола ма?» депті. «Көр, көр!» депті тобыр. Қаззақ үшінші кесені аяғына дейін мейірлене ішіп қойыпты да:
— «Талас», «ШымкентЭтилСинтез» ЖШС. Ароматынан этилдердің формальдегидтік фракцияларға ыдырап жатқанын сезіп тұрмын. Пластик бөшкеде үш сағат сақталған-депті.
Масқарасы шыққан Жак сол жерде жилетін шешіп, қаззақтың иығына жауып, өзі дүниеден баз кешіп кетіпті. Осы күндері Тулуза алқаптарында бір жабайы кісікиік адам жүреді дейді, бәлкім сол Жак болар. Мың жерден дегустатор болсаң да, қаззақтың шарабына келгенде абыройың айрандай төгілетін осындай қарғыс атқан замандар болыпты деседі ел артындағы аңыз.
