"Ностальгия" Нұржан Өмірбаев
Бұл Нұржан Өмірбаев. Менің ең, ең, ең сүйікті айтыскер ақыным. Нұржан 1990 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ақсуат ауданында «шыр етіп» дүние есігін ашқан
Толығырақ білгісі келетіндер мынжерге үңілсінYour text to link...
Маған ұнаған жырларының бірі «Ностальгия»:
Қазан соңы қатал қыстан хат келіп,
Қараторғай қалтырайды сап кеміп.
Қара ұлдарын жіберетін тезекке,
Қайран анам қолымызға қап беріп.
Көрші үйдегі көп балалар көшеде,
Көмірі бар, асық ойнар көш ере.
Кететінбіз қимай – қимай ойынды,
Күбірменен қомп – қомп етіп шешеге.
Сар сақаны келгенімен иiргiм,
Солғын күзде хәлі мүшкіл уйiмнiң.
Солқ – солқ жылап ұзайды екеу ауылдан,
Сор табан боп соқпағымен сиырдың.
Біраздан соң қызу жарыс қарасаң,
Бір жапа үшін ағамменен таласам.
Боқ таппасақ боқтаймыз кеп сиырды,
Бітеу болып қалған ба деп қарасан.
Ағам ширақ, тез толтырат өз қабын,
Ал, мен жалқау, жіберем тек сөз жағын.
Асығамын, бала күннен намысты ем,
Адамның еш каламайтын озғанын.
Тас тепкілеп қайтатын ек кешқұрым,
Туфлидің бағаламай еш құнын.
Тезек жанып, қайнағанша күрең шай,
Тығыламыз пана қылып пеш түбін.
Сонда анашым жас балаша қуанып,
Сандықтағы кәмпиттерін шығарып.
Сондай ыстық, мейірімді жүзімен,
Салқын күзге салатын ет бұғалык.
Бейкүна кез, балғын дәурен тез өткен,
Бес күнді осы тоқтата алман тежеп мен.
Білмеппін-ау, сол кезде мен балалық
Бірге жанып кеткендігін тезекпен.
Балан күнім ғазиз бастан өткерген,
Бақытымды Құдай қалай көп көрген.
Боқ дүниеден безінгенде кейде осы,
Балалықты аңсап кетем боқ терген.
