Ескі архив · 07.03.2012 15:59

Ең соңғы тұрағың...

Алаңсыз ойнаған жүгіріп, Есте ме балалық кездерің? Қас қағым сәтте-ақ ғайып боп, Зуылдап өтерін сезбедің. Жоқ онда жасанды қылық та, Бұлақтай тұп тұнық көздерің. Сыңғырлап күлгенің сүйкімді, Балдан да тәтті еді сөздерің. Бағалай білмедің бірақта, Есейіп кетуді көздедің. Оңаша қалғанда ойланып «Ес біліп, ер жетсем тез» дедің. Ол күн де қарсы алды алдыңнан, Сен де оған жеткенше асықтың. Біреудің мерейін асырып, Біреудің көңілін жасыттың. Балалық кетті алыс сағым боп, Ол күндер сен үшін қашық тым. Бозбала боп сен де бөлендің, Күйіне ессіз бір ғашықтың. Өмірде болды көп тосын сый, Күлдің де шаттанып, жыладың. Арманға асыға жүгіріп, Бір кезде сүріндің, құладың. Күрестің бар күшің жеткенше, Қабыл ап өмірдің сынағын. Алаңсыз жүргенде аңдамай, Кірлеттің көңілдің бұлағын. Бір күні өзің де әке боп, Үлгілі ұл мен қыз өсірдің. Қателік болса егер қинамай, Көз жұмып бәрін де кешірдің. Бұрылып артыңа қарасаң, Ол күн де қалыпты алыста, Ақсақал кейпіне еніпсің, Өмірдей аламан жарыста. Көз салып өткенге қарадың, Тынығып бір сәтке жатпадың. Балалық шағыңды сабылып, Іздедің… бірақ та таппадың. Бітер ме адамның арманы, «Бала боп кетсем!» деп сұрадың. Әттең-ай… ол кезде күтті тек, Баратын ең соңғы тұрағың... Зарина Долатай
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту