Андай анекдот һәм сауал
Бірде екі бит кездесіп қалыпты. Бір-бірінен жөн ұсрасып отырса керек. Біріншісі:-Ой, менің тұратын жерім жақсы. Қасқа бас профессордың басын мекен етем. Ол байғұс түнімен жұмыс істеп, қағазға шұқшиады да отырады. Төбеден ләмпішкенің қызуы түсіп тұрады. Жылы, құрғақ, жақсы жер,- депті.
Екінші бит:-Мен де жаман өмір сүрмеймін. Бір дирижердің мұртында өмір сүрем. Бірақ, өткенде бір оқиға болды. Мән-жайын өзім де әлі түсінгем жоқ,-депті.
-Ол қандай оқиға, айтсаңшы енді?
-Мәселе былай. Өткенде менің дирижерім оркестрді ерекше құлшыныспен басқарды. Басын олай да, бұлай да сілікіп менің зайып алымды шығарды. Мен сорлы мұрттың қылшықтарына жабысып әрең жүрмін. Бір уақытта музыка аяқталған кезде басын қатты сілкіп қалды. Сорлы басым мұрттан жерге ұштым да кеттім.
-Содан соң?..
-Содан соң не болушы еді нақ. Сахнаға түстім. Зайып ал мына сирақтармен әрлі бері жортып, ыңғайлы жер тауып алмақшы болдым. Сөйтіп жүргенде сахнаға бір биші қыз шықты. Сәтін салып, сол қыздың аяғына ілігіп кеттім. Содан мені білесің ғой, аяқты өрлеп тартып отырдым. Ақыры екі санның арасындағы жүндес, ыстық «мекенге», адамдар «ам» дейтін жерге барып жайғастым да алдым. Иісі онша емес, бірақ тақыр сахнадан жақсы ғой ол. Тіпті, мұрттан да тәуір ме деп қалдым. Сорақысы содан соң болды ғой,-деп екінші бит әңгімесін жалғастырыпты.
-Не болды сонда?
-Әңгіме былай. Сол концерттен соң адамдар үйлеріне тараған болатын Мен де жаңа хозяйкамен бірге кеткем. Шамасы түн болды ғой деймін. Көзіме ұйқы тығылып отырған. Ақыры қалғып кетіппін. Оянсам мүлдем басқа жер. Сорлы басым баяғы дирижердің мұртының арасында жатырмын. Қалай барғанымды білмей басым қатып отыр,-депті.
Сонда бит дирижердің мұртына қалай барған? Бұл нормальный нәрсе ме?
