Махаббат, әркімдер оған қақалад...
Очм, Ғапон деген қояншық көршім болып ед те. Стратегиялық зымырандар бұрышта қызғаныштан гептил ішіп тұратын сүрмерген аңшы болатын. Лібә, джиганмен («бытыра, картечпен тигізу оңай ғой» деп жейтін болсаңдар) алпыс-жетпіс метрдегі қамыстың басына тигізетін айуан еді. Мессиді шайтан деп жүрсіңдер ғой, ол да сондай — мылтықтың Мефистофелі.
Бір күні қораның артында мейірлене кіші дәрет сындырып тұрсам, Ғапон басын шығарып тұр өз қорасынан.
— 500 теңге тапқың келе ме? — дейд.
— Әлкөтте тапқым келед!
Шаруа былай екен. Бір бақсы Әсминә әжесске «аққудың қанына шомыл» депТ. Әжей тапсырыс бергісі келген аңшылардың барлығы аққу атып әкелуге ат-тондарын ала қашып, Ғапон ғана мотоцикл-курткасымен ұсталып қалыпты. 2 000 теңге депті әжей.
Менің жұмысым: Ғапон атып алған аққуды разъезден пойызға отырып, қаладағы апасына бара жатқан чморик-бейкүнә баланың кейпімен қалаға жеткізу керек. Әйтпесе менттер арттан айдайтын көрінеді-міс.
Келдік көл басына. Ғапон әрі-бері қарайлап тұрды да, манадан жоғары-төмен ұшып жүрген қос аққудың бірін атып алды. Сосын қапшыққа буды да, маған ұстатты.
Екінші аққу қазір сұңқылдап-қиқулап, жылап-сықтап зайып алатын шығар деп мен тұрмын. Оған қоса Тілендиев қырдың артынан домбырасымен шыға келіп, күмбірлете жөнеле ме дедім, қызжібексстің.
Жоқ. аққудың анау жұбы со безгенен қарасы көрінбей кетті. Ғапоннан сұрайм:
— Ғапе, мынау ел артында, «аққудың махаббаты деп жатад, бірі өлсе, екіншісі де»…
— Бұтағымды жеген әңгіме, — деп кесіп тастады Ғапон, — бұ халық үйде отырып алып, кітаптан қайдағыны оқып алад та, сен сияқты, мен сияқты қарапайым адамдардың миын тігед те отырад, тігед те отырад.
Қазақ ауыз ғадабияты мен фольклорына көзқарасыма сына түскен уақыт со кездерде ме деймін…
