Білім жүйесі
«Бәрібір қоғам болмайсыңдар» ©
Бәрін тапсырып, қорғап болдым ғой, енді айта берейін
"Қазақстанда білім жүйесіне өзгерістер еніп жатыр, бәрі жақсы болады" тектес ресми мәлімдемелердің кезекті бұтақ жеген бос сөздер екенін дәлелдейтін бір мысал айтайын:
Очм, биыл менде диплом қорғау жылы еді. Диплом жұмысының тақырыбы студентпен, яғни менімен келісілген жоқ. Қолыма ұстатты тақырыпты, дайындал деді. Ғылыми жетекшімнің арқасында әйтеуір тақырыпқа сай материалды әрі созғылап, бері созғылап талап еткен 50 бетке әрең жеткіздім. Дәл 1 күн қалғанда ғылыми жетекшіге тексертіп, басып шығарып дайындап қойдым. Қорғайтын күні келсем оқытушылар ашулы, айқайлап жатыр:
— Ерте келіңдер деп айттық қо! Неғып жүрсіңдер, қол қойғызу керек.
Оказывается, дипломдық жұмысты басып шығарғаннан кейін 3 данасына өзің, кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, деканның мөрі басылуы тиіс екен. Ол жайында бізге айтылмап еді. Бәрі сол қорғау кезінде жасалатын жұмыс деп ойлаппын. Жүгіріп жүріп, әлгі «лауазымды» адамдарын іздедім. Қол қойғызып, мөр басқызып енді комиссия алдына келсем, хатшы қыз:
— Сен тізімде жоқсың, ертең тапсырасың — деді.
— Қалайша? Кеше ғана өзіңіз айттыңыз ғой бүгін деп!
— Жоқ, ертең кел!
— Әнәс! — деген сөз автоматты түрде тістерімнің арасынан ысылдай шығып кетті.
Комиссияның бір мүшесі (сен ойлағандай мүше емес, пошляк епті!) дәл сол кезде дипломдық жұмысымды алып кеткен. Мұқабаға жапсырылған конвертте бір маманның пікірі болуы тиіс еді. Соны жарамайды деді. «Неге?» деген сұрағыма:
— Бізде арнайы бекітілген мамандардың аттары бар, саған Пәленше деген кісі тағайындалыпты. Пікірді соған жазғыз!
Бізге басында өздерің тиісті маманды тауып алып, өздерің жазғызасыңдар деп айтып еді. Екінші рет:
— Әнәс! — дедім.
— Ағай, мен розыск қызметінде істемеймін. Бірінші рет естіген адамды бір күн ішінде қалай табамын? — деп ашулана бастадым. Осы кезде ғылыми жетекшім көмекке келіп, жөн сілтеп жіберді.
Көріп тұрғандай университет тұрмақ, бір шағын кафедраның ішінде студент тірлігін басқаратын бір қалыптасқан жүйе жоқ. Кафедра мамандарынан құралған комиссияның әр мүшесі (бұл жолы шынымен де сен ойлағандай мүшелер) өздерінше билік соғады, әр адамның өзінің заңы бар екен. Бірінің айтқаны екіншісінің айтқанына мүлде қайшы келеді.
Қойым ғана біледі, қоғам бола ала ма мына қаззақтар, бола алмай ма…
