БОЛАДЫ ДЕП АРМАНДА!
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге!
(М.Мақатаев)
"Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп" қабылдап, салы суға кететін жандар көп бұл жалғанда. Қос қолынан айрылса да тағдырына налымай, алдына мақсат қойып, сол мақсатын іске асыра білген мына бір адамға таңқалып, еріксіз басымды шайқадым...
41 жасар қытайлық Хуан Гофу аузы мен аяғының көмегі арқылы сурет салады. 4 жасында электр тогы соққысы салдарынан екі қолынан айрылып қалған бала 12 жасынан бастап аяғының көмегімен сурет сала бастайды. Қос қолының жоқтығы оның суретші болам деген арманынан бас тартуына кедергі болмады. 18 жасқа толғанда әкесі ауыр дертке шалдығып, оны емдету үшін өз бетімен ақша табуға мәжбүр болады. Оқуын тастаған ол Қытайды аралап, қала көшелерінде сурет салып, өткен — кеткен адамдарға сатады. Бүгінгі таңда ол өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі суретшілер үшін қауымдастық құрды.
