"Телефондық вирус" немесе алқашқы трольдік лулздарым:)
Халоу! Из энибади хия? Халло-о-оу? © Голливудтық ужастиктер
Ерте-ерте-ертеде, телефон шнуры келтеде, ғаламтор түсіңе де кірмейтін кезде, 8-сыныптан кейінгі каникулда ғой деймін, (қылмыстың срогы өткетті енді, айта берейін) бір көршімнің телефоны біздің телефоннан жаңғыратынды шығарды, әр звондаған сайын анау телефон да шырылдайды, алсам, көршім сөйлесіп отырад қыздармен, содан бір -екі күн тыңдап жүрдім. Әңгімені жаюдың мәні жоқ бұл жерде, өйткені дым қызық жоқ іш пыстырарлық әңгіме айтатын екі ғашық, енді өздерің білесіңдер, «не стеватырсың, сағындың ба?» деген сияқты. Содан бір күні әңгімеге киліге бастадым.
Мен тек арасында ғана «Иә-ә-ә» дегенде «Көтің сиәәә» деп айтып көрдім.
Сөйтсем оларға да естіледі екен.
СОдан бастап ара -тұра қосылып, қазіргіше айтқанда «троллинг» жасадым. Анаулар таңырқайд, типі «бұнысы нес?» деп.
Мен үндемей қалам. Әрі қарай жалғастырад әңгімесін,
«Нәғып» деген жерінде «Мұрынның боғы ағып» деп жай ғана сыбырлайм.
Қыз бен жігітт бұттан кетед.
— Сен бе айтқан?
— Жоқ.
—Сен жақтан шығып жатыр ғой.
—Жоқ деймін.
— Паралель телефон бар ма үйде?
—Жоқ!
(— Көтің боқ! -деп қоям.)
— Әне! Әне! Қойсайш ей сен ғо прикол ұстап отырған.
— Нан ұрсын, орта жолда біреу қосылған сияқты.
— Бізді біреу тыңдап отыр айттым ғой.
— давай қайта звондайын саған! -дейді бір кезде.
Қайта звондағанда, менің телефоным тағы шыр етеді.
Сөйтіп күннен күнге мен әңгімеге жиірек киліге бастадым. Кімсің? -дегенде «Телефондық вируспын» деймін. Тақпақтатып тұрып орысша боқтаймын әлгілерді.
Немесе бүйтем, қыз сөйлегенде үндемеймін, жігіт сөйлегенде «быртт-т-т» деген сияқты жағымсыз дыбыстар шығарам.
Мыс:
Қыз: —Мен кеше сені күтіп-күтіп, келмеген соң ренжіп кетіп қалдым.
Жігіт:— Қойш? Мен деген саған кеше айттым ғой. (Вирус: Бытыр-т-т-т-тт-)!
Қыз: — Не?
Жігіт: — Лібә анау тағы келді, кеше деймін, саған айттып ем ғо (быртт-т-т-тт-пырқ-пырқ) деп!
Қыз: —Дым қой естілмейд! Вирус зайыпты алды. Короче, саған ренжідім!
Жігіт: — Неге? Мен бүгін саған білесің бе, (бырт-т-т-т пытлық, фытлық… тық… тық)! Тьфу сука, нақ зайыбалсың сен де!
Қыз: — Мен бе зайыбал?
Жігіт: — Жоқ сен е(бырттттпылтықпыртық -бырқ-бырқ, шір-р-р-р, пиың, пиың, пубууууқ) Сукасың ғо білә!
Анау арлы берлі қиналды, боқтады, «АТС-ке звондайм» деп қорқытты. Дым шықпады оларынан.
Жалынды «Кто ты? Ну скажи пожалуйста, ничего не сделаем» деп.
Жауап «Я -телефонный вирус» -деймін. Образға кіріп кеткенім соншалық, әңгімеге нешетүрлі әдіспен киліге бердім— түшкіру, екі ғашық арасында романтикалық үнсіздікті осырықтың даусымен бұзу т.б. Кейін оған мән бермей, керісінше:
— Вирус барсың ба? Қалайсың? -деуді шығарды. Үндемей отырам. "Әй, өліп қалған жоқсың ба?" дейді. Үндемеймін. "Қой, с ним айта берші әңгімеңді" дейді қыз. Үндемей жігіттің әңгімесін тыңдап алам да, әңгімесін айтып болған соң, «Пиздика ты гвоздика»дейм. Екеуі де бұттан кетеді.
Өзіме қызық болды, оларға да кейін қызық бола бастады.
Кейде жігіт "Қазір сыртқа шығып келейін, вируспен сөйлесе тұр" деп маған қызын тапсырып кететінді шығарды аз уақытқа. Мен қуана-қуана өзімнен екі-үш жас үлкен қыздарды «развлекать» ететінмін.
«Сотка» деген жоқ ол кезде (біздің ауылда жоқ әйтеуір). Қарым-қатынастың жалғыз жолы телефон. Солай біраз айлар бойы, әлгі жігіттің телефонын бағып, біраз мәлімет біліп қалғанмын. Анда санда көңіл күй жоқта сықпыртып аузымнан келгенін айтып боқтап, нешетүрлі образға еніп, даусымды біресе кемпір, біресе шал, біресе жағымсыз кейіпкердікімен келтіретінмін. Кейде көңіл күйім болғанда, өлең айтып, тексттер оқитынмын.
Сонда әлгілерді КНБ-данмын деп қорқыту, немесе басқалай ақпараттарды жинап, тыштырту ойыма келмепті. Он үштегі әшәуінің басына қарап сызылған балаға ол да болса ермек ғой.
Очм, жаңа әлгі пақыр хакерді оқып отырып, каникулдағы жағдай есіме түсіп, үстелден омақаса құлай жаздадым.
(Сондай ерекше бұзақылықтарың болса, бөлісе отырыңдар)
