Ескі архив · 13.06.2012 12:09

Мейірімділік оқиғалары

… Байғұс сәби тағы да ауруханада. Ініме мен күн сайын келіп тұрам. Пряник, кәмпит әкеп берем. Мұнда оны келісімен моншаға салған, шашын алған. Тап-таза іш киім, халат берген. Күйген қолын добалдай етіп таңып, ақ жаймалы, сеткалы темір кереуетке жатқызып қойған. Мен алғаш келгенде өз інімді өзім танымай қала жаздадым. Түрінен кісі шошығандай бұрынғы Тұрдыбек емес, екі көзі қарақаттай, сүп-сүйкімді біреу. Мені көріп, әдемі жымиып кү­леді. Інім екенін сонда ғана таныдым. Адамды адам ететін де, хайуан ететін де тұрмыс екен, мен соны білдім. Бір күні сабақ, соңынан Тұрдыбекке тағы да келген­ едім. Төсегінің қасында отырмын. Тұрдыбек сау қолымен жастығының астын сипалап, бірдеңе іздей бастады.­ Сөйтсем, үш тал домалақ кәмпит екен. – Мә, аға, же, саған сақтап қойдым, – деп, ұсынып жатыр. Бұл кәмпиттерді таңертең шаймен берген. Тұрдыбек жемей, өз аузынан жырып, маған сақтап қойыпты. Інімнің бауырмалдық қылығына іші-бауырым еріп кеткендей болды. – Өзің жей ғой… үзінді (Бердібек Соқпақбаев. “Балалық шаққа саяхат”) *** Сауда орталығының бірінде орналасқан ойын автоматының бірінен сүйкімді ойыншық қонжықты ұтып алдық. Бутиктерді аралап жүріп әкесі көтеріп жүрген ақыл есі кем балаға кезігіп қалып ойыншықты соған бердік. Ол «Рахмет» деп айтты. Әкесінің көзі жасаурап жыларман болды. Сөйтсек ол бала бірнеше ай бойы сөйлемеген екен. *** Күнделікті күйбең тірліктерім аяқталып үйге қайтып келе жаттым. Кіреберістен қолмен жазылған парақшадағы хабарландыруға көзім түсті: «Құрметті көршілер! Бүгін шамамен 9.20 шыға беріс есікте 120 рубль жоғалттым. Егер тауып алғандар болса 76 пәтердегі Антонина Петровнаға қайтарып берулеріңізді өтінемін. Зейнетақым 1640 рубль.». Қалтамнан 120 рубль бөлек санап алып көтерілдім де, есіктегі қоңырауды бастым. Қария есікті ашты. Ақша ұсынып тұрған мені көріп құшақтап көзіне жас алып былай деді: «Дүкенге ұн алып келе қояйын деп шыққам. Қайтар кезде кіреберісте кілтімді алып жатқан кезде түсіріп алсам керек». Бірақ! Ол ақшаны алудан бас тартты! Сөйтсем, бас аяғы бір-екі сағаттың ішінде әжейдің ақшасын «тауып алып» қайтарып тұрған алтыншы(!!!) адам екенмін! Мейірімді жандардың көп болғаны қандай жақсы! *** Жақында институттан қайтып келе жатып аялдаманың маңында ұлы отан соғысы ардагерін көрдім. Ол алдына орден мен медальдарын жайып сатып отыр екен… қан майданда қан кешіп жүріп алған марапаттарын. Ол оларды сатып өзіне тамақ алмақшы. Жанына келіп күмәжнектегі бар ақшамды шығарып оған беріп жатып айттым: «мына менің барлық ақшамды алыңыз, бірақ өзіңіздің абыройыңыз бен айбыныңызды болмашы ғана теңгеге оған лайықсыз адамдарға сатпаңыз». Ол жылап жіберді, ақшаны алып барлық ордендерін жинап алақанына салып сүйді, сосын қарияның құмыққан үні зорға естілді: «Рахмет саған». Осындай сәттерде мен бүкіл әлемді өзгерте алатындай күшке ие болатындай көрінеді. Ол маған сенім береді. *** Менің інім он үш жаста, ол қан рагымен ауырады. Әкем інімді клиникада жалғыз қалдырмас үшін бір жылға еңбек демалысын алды. Бірақ оған бір жыл бойы толық жалақысын төледі! Жаңазеландия полициясында керемет адамдар қызмет етеді. *** Бүгін көшеде жаңбыр құйып тұр. Қызметтестерім менің машинамның жанында біреудің түртінектеп жүргенін айтты. Көшеге жүгіріп шықтым. Барлығы орнында тұрған сияқты, тек машинаның жоғарғы жағындағы люкті: әлдекім нығыздап жауып кетіпті, машинаның ішіне су кірмесін деп… Мейірімді болайық жамаат!
Авторы:
Jacqabaies_Chirac

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту